Жүйеге кіру
ЕЭК жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін шикізаттың төрт түрі бойынша баждарды төмендетті

ЕЭК жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін шикізаттың төрт түрі бойынша баждарды төмендетті

25.11.2016
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өнеркәсіптік майлы спиртке, терефталдік қышқыл мен оның тұзына, машинамен немесе қолдан тоқылған трикотаж кенепіне және иленген былғарыға кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін нөлге жеткізді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина Жеңіл өнеркәсіптің ІІІ форумы шеңберінде мәлімдеді.

«Әкелінетен тауардың тағы екі атауы – жасанды вискоздық талшықтар және текстуриленген полипропиленген жіптер келісу процесінен өтіп жатыр. Таяу уақытта олар бойынша шешім қабылданады», - деп өз сөзін толықтыра түсті Вероника Никишина.

ЕЭК Сауда жөніндегі министрінің пікірінше, шикізатқа баждарды төмендету дайын өнімнің өзіндік құнын азайтады, сөйтіп олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұдан өзге, қабылданған шара Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығын жеңіл өнеркәсіптің жекелеген өндірістеріне арналған шикізатпен молықтыруға әрі Одақтың ішкі нарығында отандық өнім үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Бұл шешімдердің көпшілігі уақытша негізде қолданылады. – Бұл дегеніміз Одақта жеңіл өнеркәсіп үшін аталған шикізат түрлерін өндіру бойынша меншікті қуаттардың жетіспеушілігін білдіреді. Мұндай өндірістер үшін оларды жаңғырту бойынша инвестициялық жоспарлар бар», - деп атап айтты Вероника Никишина.