Жүйеге кіру
ЕАЭО мен Сингапур Еркін сауда туралы келісімге қол қойды

ЕАЭО мен Сингапур Еркін сауда туралы келісімге қол қойды

IMG06348[1].jpg
02.10.2019

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) 1 қазанда болған отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Сингапур Республикасының арасындағы жалпыға бірдей сауда мәмілесі пакетінің алғашқы келісімдеріне қол қойылды. Құжатқа Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, Одақ елдерінің вице-премьерлері, сондай-ақ Сингапурдың аға министрі, әлеуметтік және экономикалық даму мәселелері жөніндегі министр-үйлестіруші Тарман Шанмугаратнам қол қойды.

Сингапурмен келісімге қол қойылуына түсінік бере бере келіп, Тигран Саркисян оның Одақтың бүкіл Азия – Тынық мұхиты нарығындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін үлкен маңызы бар деп атап көрсетті.

«Біз халықаралық күн тәртібін іске асыру кезінде жаңа тәсілдемелерді әзірлейміз,- деп атап көрсетті Тигран Саркисян. –Олардың мәні мынада – біз үшінші елдермен уағдаластықтарымызға инвестициялар мен қызметтер көрсету мәселелерін тарта отырып, Комиссияның өкілеттіктерін кеңейтеміз. Бұл мәселелер қазір ұлттық деңгейде тұр. Біздің сауда әріптестеріміз үшін ортақ нарығымыздағы талаптар қолайлы болуы үшін, аталған жағдайда Сингапур үшін, бұл талаптар жалпы одақтық тәсілдемеге сәйкес болуға тиіс».

Сингапурдың бұл тәжірибесін басқа елдерге таратқан өте маңызды. «Атап айтқанда, біз Израильмен келіссөздер жүргізудеміз,- деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.- Израильдік әріптестеріміз олармен бірлесіп әзірлеп жатқан шарттың кешенді болуын, әңгіме тарифтер туралы, тауарлардың еркін қозғалысы туралы ғана болып қоймай, сол сияқты өзіне инвестициялар мен қызметтер көрсету бөлімдерін де кірістіруін ұсынды. Нақ осы Сингапурмен іске асырылып жатқан формула бойынша. Сингапур – жақсы мысал, біз осы практиканы пайдалануға тиіспіз».

Еркін сауда туралы келісімде Сингапурдың ЕАЭО елдерінің барлық тауары үшін бажсыз қол жеткізу беретіні көзделген. Өз кезегінде, Еуразиялық экономикалық одақтың міндеттемесі келісім күшіне енгеннен кейін бірден бүкіл тауар номенклатурасының 40%-ын құрайтын сингапурлық тауарлар үшін бажсыз қол жеткізу берілуін бағамдайды. Үш жылдан он жылға дейінгі барлық өтпелі кезеңдер аяқталғаннан кейін бұл 87%-ға дейін өседі.

Келісімде беркітілген тарифтік уағдаластықтарды ЕЭК-тің Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина: «Тұтастай алғанда Сингапур импортталатын тауарларға қатысты кедендік әкелу бажының тиімді ставкаларын қолданбайтындығына қарамастан, мұндай міндеттемелер ЕАЭО өнім берушілерін болашақта Сингапурдың кедендік-тарифтік саясатының мүмкін болатын өзгерістерінен сақтандырады. Атап айтқанда, Сингапурдың ДСҰ-дағы өз құқықтарына сәйкес кедендік әкелу бажының ставкаларын ауыл шаруашылығы өнімдеріне 10% дейін, өнеркәсіп өніміне 5%, 6,5% немесе 10% дейін арттыруға мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, барлық номенклатурадан тарифтік линияның 28% қатысты кедендік баж ставкалары Сингапур үшін «байланысты» болып табылмайды, демек, кез келген деңгейге дейін, мысалы, бөгегіш 100%-ға дейін және одан астам арттырылуы мүмкін»,- деп түсіндірді.  

Тарифтік міндеттемелерден басқа, келісімде Одақ елдері тауарларының Сингапурде (ұлттық режим) өндірілетін және Сингапурге үшінші еркін сауда режимі белгіленбеген (мейлінше ең қолайлы режим) елдерден импортталатын тауарларға қатысты, сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға, импорт пен коммерциялық айналымға байланысты болатын барлығына қатысты кемсітпеушіліктің базалық қағидаттарын орындаудың құқықтық кепілдіктері де белгіленеді.

Келісім лицензиялаудың рәсімдерін қолдану жөніндегі халықаралық стандарттарды сақтау, тыйымдар мен сандық шектеулер; техникалық реттеу және санитариялық әрі фитосанитариялық шаралар; өнім бергені үшін аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру; «шекарада» рәсімін өткізумен байланысты алымдар; демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шаралары бойынша міндеттемелерді де тіркейді.

Тауарлар саудасы саласындағы классикалық уағдаластықтармен қатар, келісімде электрондық сауда, экология, бәсекелестікке қарсы практикаға қарсы әрекет, мемлекеттік сатып алудың транспаренттілігі, зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғау сияқты салаларда сапаны арттыру және ынтымақтастықты дамыту үшін елеулі дайындама да келісімде қалыптастырылған, бұл технологиялар трансфері мәселелерін талқылау кезінде айрықша өзекті.

«Біз бүгін жасасылған келісім мен Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей енді жасасатын қызметтер көрсету саудасы және инвестициялар туралы төрт екіжақты келісімдерден тұратын бүкіл уағдаластықтар пакетін біртұтас деп қараймыз. Осыған негіздей келгенде, бүкіл пакет синхронды түрде күшіне енеді, еркін сауданың тұтастай қамтитын режимі бір мезгілде іске қосылады»,- деп түйіндеді Вероника Никишина.​