Жүйеге кіру
Үкіметаралық кеңес ЕАЭО елдеріне ішкі нарықтағы тосқауылдарды жою жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды

Үкіметаралық кеңес ЕАЭО елдеріне ішкі нарықтағы тосқауылдарды жою жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды

02.02.2020

Мұндай өкім 31 қаңтарда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында қабылданды.

Бұдан бұрын Беларусь Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына үндеуінде «тосқауылдарды толық жоюға, ЕАЭО нарықтарындағы алып қоюлар мен шектеулерді барынша қысқартуға, еркін бәсекелестік ортаны құру үшін кедергілердің жаңа түрлерінің пайда болу мүмкіндігін болдырмауға бірлескен күш-жігерді шоғырландыру» қажеттігін атап өтті.

2016 жылдан бастап Комиссия ЕАЭО мемлекеттерімен бірге 59 сауда тосқауылын саралап белгіледі, олардың 43-ін Одақ елдері жойды. Одақ құқығына сәйкес келмейтін тосқауылдар дереу жойылуға тиіс. Сараптамалық бағалаулар бойынша, жойылған тосқауылдардан бизнес үшін оң нәтиже 250 млн жуық АҚШ долл. құрайды.

Алып қоюлар мен шектеулер іс-шаралар жоспарын («жол картасын»), Одақ актілерін, халықаралық шарттар мен келісімдерді қабылдағаннан кейін жойылады. 2016 жылдан бастап ЕАЭО-да 45 шектеудің сегізі, сондай-ақ 19 алып қоюдың бесеуі жойылды. Оларды жою қажеттігін Одақ мемлекеттері айқындады. Қазір Комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп әзірлеп жатқан алдағы интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары тағы да 11 шектеу мен бір алып қоюды жоюға мүмкіндік беретін іс-шаралар мен іс-қимылдарды қамтиды.​