Жүйеге кіру
ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Мысырдың Сауда және өнеркәсіп министрі Невин Гамеа Еркін сауда туралы келісіммен жұмысты жандандыруға уағдаласты

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Мысырдың Сауда және өнеркәсіп министрі Невин Гамеа Еркін сауда туралы келісіммен жұмысты жандандыруға уағдаласты

02.06.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Мысырдың Сауда және өнеркәсіп министрі Невин Гамеамен телефон арқылы сөйлесті. ЕЭК министрі өз әріптесін қызметке кірісуімен құттықтады және тараптардың Еуразиялық экономикалық одақ пен Мысыр Араб Республикасының сауда-экономикалық қатынастарын дамыту жөніндегі тиімді жұмысты жалғастыратынына сенімді екенін білдірді.

Андрей Слепнев атап өткендей, қазіргі уақытта Еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздер шеңберінде айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Құжаттың бірқатар тарауы бойынша жұмыс аяқталды немесе олардың дайындығын жоғары дәрежеде деуге болады. Қалған бөлімдер бойынша сараптамалық қызмет жалғасуда.

«ЕАЭО мен Мысыр арасындағы еркін сауда туралы болашақ келісімге Одақта өте маңызды саяси қолдау бар екенін айтқым келеді. Оның үстіне біз сіздің еліңізді жалпы алғанда Африка құрлығына кіретін қақпа ретінде бағалаймыз. Сол себепті, вирусқа және экономикадағы тұрақсыздыққа байланысты барлық қиындыққа қарамастан, меніңше, келіссөздерге серпім беруге және таяу болашақта оларды ойдағыдай жүзеге асыруға екі жақ та бірдей мүдделі»,- деп атап өтті Андрей Слепнев.

Телефон арқылы сөйлесудің нәтижесі бойынша тараптар коммуникацияның күрделіленген режиміне қарамастан, бірлескен келіссөз жұмысын жандандыру қажет деген пікірге келді. Осыған орай бейнеконференция байланысы режимінде сарапшылардың консультацияларын өткізу үшін график дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.​