Жүйеге кіру
Бірыңғай ветеринариялық талаптарға өзгерістер енгізілді

Бірыңғай ветеринариялық талаптарға өзгерістер енгізілді

02.06.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық талаптардың үш тарауына және ветеринариялық сертификаттардың тиісті нысандарына өзгерістер енгізді.

 

Бірыңғай ветеринариялық талаптардың жекелеген тарауларын және бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандарын қолданупрактикасы бірқатар нормалардың Халықаралық эпизоотиялық бюроның жердегі жануарлардың денсаулық кодексінің халықаралық ұсынымдарына толық сәйкес келмейтінін білдірді.

 

ЕЭК Алқасының шешімдері жануарлардан алынатын тауарлар қауіпсіздігінің жоғары деңгейін сақтай отырып, артық ветеринариялық талаптарды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Одақтың құқықтық актілері халықаралық стандарттармен, ұсынымдармен және нұсқамалармен үндестіріледі.