Жүйеге кіру
Асыл тұқымды тұқымдық малдың генетикалық сертификаты болады

Асыл тұқымды тұқымдық малдың генетикалық сертификаты болады

02.06.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2 маусымда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымдық өніміне молекулалық генетикалық сараптама жүргізу туралы ережені бекітті.

 

Ережеде генетикалық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын зертханаларға қойылатын талаптар айқындалған, асыл тұқымды өнімнің шығу тегінің анықтығын растау үшін қажетті ДНК-маркерлердің тізбесі, сондай-ақ асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларында бар-жоғынтексеру қажет болатын генетикалық аурулар келтіріледі.

 

Құжат күшіне енгеннен кейін ЕАЭО елдері арасында тасымалданатын асыл тұқымды тұқымдық жануарлар (бұқалар, айғырлар, қошқарлар, текелер, қабандар, аталық бұғылар мен буралар), сондай-ақ осыжануар түрлерінің ұрықтары мен эмбриондары міндетті түрде генетикалық сертификаттармен сүйемелденуге тиіс.

 

«Одақта генетикалық сараптама жүргізудің халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген бірыңғай тәртібі малдың өз төлі есебінен өсіп-өнуі жүйесінен сапасыз асыл тұқымды өнім мен генетикалық детерминдендірілген ауру тасушыларды алып тастауға, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өзара сауда кезіндегі асыл тұқымды өнімнің айналыс процесін реттеуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян.

 

Анықтама

 

Ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық сараптамасының негізгі міндетіэмбриондық өлім-жітім тудыратын генетикалық аурулардың таралуын, өмір сүруге қабілетсіз төлдің тууын, өнімділіктің кемуін, жануарларды шаруашылықта пайдалану мерзімдерініңтөмендеуін және т.б. тежеу.Бұдан басқа, жануарлардың, бірінші кезекте өнімі айтарлықтай таралу аймағына ие болатынтұқымдық жануарлардың шығу тегі туралымәліметтерді қалыптастыру кезінде қателерді іс жүзінде болдырмайды.

 

Нормативтікқұқықтық акт ЕАЭО туралы шартқа және 2019 жылғы қазанда Үкімет басшылары қол қойған ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге сәйкес әзірленді.