Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінде балалардың ойын алаңдарына арналған жабдыққа бірыңғай талаптар қойылатын болды

ЕАЭО елдерінде балалардың ойын алаңдарына арналған жабдыққа бірыңғай талаптар қойылатын болды

Depositphotos_42527085_s-2019.jpg
02.06.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен 2017 жылғы мамырда қабылданған және 2018 жылғы қарашада күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақтың «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бойынша үш жылдық өтпелі кезең 1 маусымда аяқталды.

Ол Одақтың кедендік аумағында айналысқа тұңғыш рет шығарылатын және ашық аумақтарда немесе жабық үй-жайларда орналастырылатын балалардың ойын алаңдарына арналған жабдыққа және жабындыларға қолданылады.

Өндірушілер мен сатушылардың техникалық регламентте қатталған жаңа нормаларға жоспарлы түрде ауысуы үшін Комиссия өтпелі кезең белгіледі. Ол аяқталғаннан кейін ЕАЭО-ның барлық мемлекеті үшін балалардың ойын алаңдарына арналған жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары бірыңғай әрі міндетті болды.