Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Еуразиялық үкіметаралық кеңес төрағасы, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченкомен кездесті

Михаил Мясникович Еуразиялық үкіметаралық кеңес төрағасы, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченкомен кездесті

02.07.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Беларусь Республикасына жұмыс сапары шеңберінде 2 шілдеде Еуразиялық үкіметаралық кеңес төрағасы, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченкомен кездесті.

Михаил Мясникович Роман Головченконы Комиссияның 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары туралы, атап айтқанда, коронавирустық инфекция пандемиясының дамуы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен бірлесіп ЕЭК қабылдаған шаралар жайында хабардар етті.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы проблемалық мәселелерді жоюдың жағдаяты мен перспективаларын қарады. Соның ішінде, бірқатар белорус кәсіпорыны өндірген сиыр етін Ресейге жеткізуге және оның аумағы арқылы Одақ мемлекеттеріне өткізуге тыйым салумен, Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы тауарлар өткізумен, ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік өнімінің Ресей Федерациясының мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларына қол жеткізуін қамтамасыз етумен байланысты және басқа да бірқатар мәселелер қаралды.

Михаил Мясникович Одақ мемлекеттерінің шекаралары арқылы тауарлар өткізумен байланысты келіспеушіліктерді реттеуге, даулы мәселелерді шешуге арналған жоғары деңгейлі жұмыс тобының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 17 шілдеде Минскіде өткізілгелі отырған кезекті отырысы күн тәртібінің мәселелері де талқыланды.​