Жүйеге кіру
Виктор Назаренко: «Сәйкестікті бағалау жөніндегі құзыретті әрі адал органдар ғана нарықта қалуға тиіс»

Виктор Назаренко: «Сәйкестікті бағалау жөніндегі құзыретті әрі адал органдар ғана нарықта қалуға тиіс»

02.07.2020

ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың төрағалығымен өткен Одақ елдерінің уәкілетті органдарының өкілдері қатысқан салалық кеңесте Еуразиялық экономикалық одаққа әкелінетін өнімдердің сәйкестігін бағалау жүйесін қайта пішіндеудің жаңа тәсілдемесі қаралды.

«Одақта техникалық реттеудің бірыңғай жүйесін құру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Өнімнің 85%-ын қамтитын 48 техникалық регламент қабылданды, сәйкестікті бағалаудың бірыңғай қағидалары мен рәсімдері қолданылуда. Еуразиялық экономикалық одақ құрылған кезде техникалық регламенттер талаптарына сәйкестік туралы бірыңғай құжаттарға (сертификаттар мен декларацияға) көшу жайындағы шешім елдердің бір-біріне деген сеніміне негізделді және біздің бәріміз де бұл сенім шын мәнінде толық көлемде жүзеге асырылатын болады деп есептедік», - деп атап өтті Виктор Назаренко.

Алайда Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы тауарлардың қауіпсіздігін бақылаудың осылай құрылған бірыңғай механизмі Одақ нарығын және тұтынушыларды үшінші елдерден әкелінетін қауіпсіз емес немесе қауіпсіздігі тиісті түрде расталмаған өнімнен толық көлемде қорғамайды.

«Бүгінде тек шетелдік өнімге ғана үш жүз мыңнан астам сериялы сертификат берілген, екі миллионнан астам сериялы декларация тіркелген. Бұл аса үлкен цифрлар. Егер сәйкестікті қажетті бағалау объективті жүргізілген болса, онда бұл нарыққа қауіпсіз өнімнің түсуіне кепілдік береді», - деді ЕЭК министрі.

Импортталатын өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды бере отырып, қалыптасқан жағдаятқа мониторинг жүргізу нәтижелері бұрын қабылданған шешімдерді, соның ішінде ЕАЭО Үкіметаралық кеңесі деңгейінде іске асыру шетелдік дайындаушылар уәкілеттік берген тұлғаларға сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар негізсіз берген құжаттар санының қысқаруына әкеп соқпайтынын көрсетті. Виктор Назаренко осыған орай: «Нарықта рәсімдерді дұрыс жүргізбейтін сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар мен сынақтау зертханалары бар, олардың қызметінің нәтижесі негізсіз берілген құжаттар болып табылады. Комиссияны әсіресе 5 жылға дейінгі - ұзақ мерзімге берілетін сериялы сертификаттар алаңдатады», - деп, қатысушылар назарын аударды.

ЕЭК министрі атап өткендей, Одақ нарығының қауіпсіз емес өнімнен қорғалуының қажетті деңгейін белгілеу үшін қазір Одаққа әкелінетін өнімнің сәйкестігін бағалау жүйесінің жаңа «конструкциясын» тұжырымдау қажет. «Біздің міндетіміз сәйкестікті бағалау жөніндегі құзыретті әрі адал органдар мен сынақтау зертханалары ғана нарықта қалатындай етіп жасау», – деп атап көрсетті ол.

ЕАЭО елдері өз аумақтарында өнімді айналысқа шығару кезінде сериялап шығарылатын өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші – тек дайындаушы, соның ішінде өнімді өндіретін шетелдік өндіруші болып табылады және сол ғана өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растай алады деп бағамдалуда. Шетелдік дайындаушы үшін міндетті шарыт – Одақта оның ресми өкілінің, яғни оның атынан және осы өнімді айналысқа шығару кезінде іс-әрекетті жүзеге асыратын және өнімнің одақтық техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмегені үшін жауапты болатын дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның болуы.

Бұл ЕАЭО-ға импорттық өнімді әкелудің ашық жүйесін құруға, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардың жосықсыз қызметінің жолын кесуге, сондай-ақ сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар мен сынақтау зертханаларының құжаттарды негізсіз беруін болдырмауға мүмкіндік береді.​