Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Михаил Мясникович Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

02.07.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

«Бұл мереке Минскіні неміс-фашист басқыншыларынан азат ету Еуразия халықтарының бірлік күшінің жарқын айғағы болған кезде, Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында дүниеге келді. Ұрыстарда шыңдалған туысқандық достықтың дәнекері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытудың мызғымас негізі болып табылады», - делінген құттықтау хатта. 

ЕЭК Алқасының Төрағасы қазіргі заманғы тәуелсіз Беларусьті құру жолындағы Александр Лукашенконың көрнекті рөлі туралы, оның жаһандық әлемдік интеграциялық бірлестіктің бірі ретіндегі ЕАЭО-ны құруға және қалыптастыруға қосқан зор жеке үлесі жайында айтып өтуге бұл мерекенің жақсы дәлел бола алатынын атап көрсетті. 

Михаил Мясникович Александр Лукашенкоға мықты денсаулық, мол игілік тілеп, оның алдағы уақытта да мемлекеттік және халықаралық қызметтерінде табысқа жете беруіне тілектестігін жеткізе отырып, Беларусь Республикасына бейбітшілік пен өркендеу тіледі. 

ЕЭК Алқасының Төрағасы Беларусь тарапының шақыруы бойынша 2 және 3 шілдеде Минскіде Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты мерекелік іс-шараларға қатысады.​