Жүйеге кіру
Өткізу бекеттерінде тауарларға кедендік, көліктік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру туралы

Өткізу бекеттерінде тауарларға кедендік, көліктік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру туралы

02.08.2013

31 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Владимир Скибаның төрағалық етуімен өткізу бекеттерінде тауарларға кедендік, көліктік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылардың жиналысы өткізілді.

Жиналысқа Кедендік инфрақұрылым департаменті, Кедендік заңнамалар мен құқық қолдану тәжірибесінің департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар департаменті мен Құқықтық Департаменттерінің қызметкерлері, сондай-ақ Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік Үкіметінің әртүрлі 16 органының өкілдері қатысты.

Жиналысқа қатысушылар төмендегі мәселелерді талқылады:

- өткізу бекеттерінде кеден органдарына мемлекеттік бақылаудың әр түрі бойынша өкілеттіліктер мен функциялардың берілуімен байланысты пайда болатын мәселелер;

- мемлекеттік бақылаудың әр түрін жүзеге асыру үшін өткізу бекеттерін жабдықтау және материалдық-техникалық толықтыру мәселелері;

- мемлекеттік бақылау түрлері бойынша өткізу бекеттерін мамандандыру мәселелері;

- көліктік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауды жүргізу барысында қолданылатын рұқсат ететін құжаттардың ақпараттық ресурстарға (тізілімдерге) жетуін ұйымдастыру мәселелері.

Өткізілген жиналыс нәтижелері бойынша сарапшылар Еуразиялық экономикалық комиссияның Инфрақұрылым мен технологияларды дамыту бойынша Консультативтік комитетінің жанынан Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдары тасымалданатын жерлерде бақылаудың барлық түрін құру жөн әрі қажет деген қорытындыға келді.