Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлік бойынша Консультативтік комитетінің ішкі комитеттерінің бірінші бірлескен отырысы болып өтті

ЕЭК Кәсіпкерлік бойынша Консультативтік комитетінің ішкі комитеттерінің бірінші бірлескен отырысы болып өтті

02.08.2013

2013 ж. 1-2 тамыз аралығында Еуразиялық экономикалық комиссиясында сыртқы сауда ісі саласында артық кедергілерді жою жөнінде және ЕЭК Кәсіпкерлік бойынша Консультативтік комитетімен өзара сауда мен инвестициялық әрекеттер бойынша ішкі комитеттердің бірлескен бірінші отырысы өткізілді.

Іс-шараға Комиссияның департаменттері, Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары, ұлттық кәсіпкерлік бірлестіктер, салалық бизнес-ассоциациялар, заңгерлік қоғамдастықтар мен ғылыми орталардың өкілдері қатысты.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры, Кәсіпкерлік жөнінде Консультативтік комитетінің бейінді ішкі комитеттерінің төрағасы Рустам Ақбердин Кәсіпкерлік қызмет пен ішкі комитеттерді дамыту Департаментінің міндеттері, мақсаттары және сыртқы сауда ісі саласында артық кедергілерді жою бойынша жұмыстар туралы және ЕЭК Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитетінің өзара сыртқы сауда мен инвестициялық қызметі туралы айтып берді.

1 тамызда ішкі комитеттердің отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның төменде берілген актілері жобаларының кейбір ережелерінің кәсіпкерлік бірлестіктер мен заң қоғамдастықтары өкілдерінің берген сараптамалық бағаларының нәтижелері талқыланды:

- Кеден одағының Кедендік кодексіне өзгерістер енгізу туралы Хаттамасының жобасы;

- Кеден одағының «Темекі өнімдеріне техникалық регламент» техникалық регламентінің жобасы;

- Кеден одағының «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жобасы.

Ішкі комитеттер отырысы 2 тамызда жалғасты. Қатысушылар Ресей Федерациясының салалық бизнес-қоғамдастығымен Төменвольтті жабдықтарды сертификаттау барысында Кеден одағының № 004/2011 «Төмен вольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін тексеру үшін өнеркәсіп жағдайына талдау жүргізу тәртібінің жобасын талқылады.

Отырыста Беларусь Республикасының кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне Кеден одағының «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті ережелерінің нақты әсері туралы проблемалық мәселелер де қаралды.

Отырыс барысында Ішкі комитеттер төрағасы Рустам Ақбердин, отырыстың күн тәртібіне кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу салаларына қатысты Комиссияның жекелеген актілері мен жобаларын енгізу бірқатар объективті себептермен түсіндірілетінін атап өтті. «Біріншіден, 2013 ж. 20 наурызында ЕЭК мен беларустық-қазақстандық-ресейлік бизнес-қоғамдастықтардың өзара байланысы бойынша Консультативтік кеңесінің шеңберіндегі бірінші отырысында бұл салалар басым бағыттағы салалар ретінде белгіленген. Екіншіден, осы Консультативтік кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша жинақ-талдаушылық міндеті ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментіне жүктелген еді. Бұдан басқа, осынау барлық мәселелер бойынша бізге бизнес-қоғамдастықтар мен жекелеген субъекттерден үнемі сұрақтар келіп түсіп жатады, ал біз Комиссияның ішкі құжат айналымы Тәртібіне сәйкес оларға дер кезінде жауап беруге міндеттіміз», - деп түсіндірді Рустам Ақбердин.

Бұдан басқа ЕЭК өкілі, «отырыс нәтижелері бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін артық талап қойылу мәселелерінің орын алуы мүмкін және оған ары қарай жұмыс барысында қосымша көңіл бөлуді керек ететін ЕЭК актілері мен жобаларының ережелері белгіленді. Осы мақсатта Комиссияның бейінді құрылымдық бөлімшелерімен, Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, кәсіпкерлік және сараптамалық қоғамдастықтармен өзара байланыс жалғасын табатын болады»,- деп атап өтті.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин отырыс жұмысына қорытынды жасай келе, Кеден одағы бизнес-қоғамдастыққа барлық талас туатын мәселелер бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік беру қажеттілігін атап өтті. Ол Еуразиялық экономикалық комиссиясында сыртқы сауда ісі саласында артық кедергілерді жою жөнінде және ЕЭК кәсіпкерлік бойынша Консультативтік комитетімен өзара сауда мен инвестициялық әрекеттер бойынша ішкі комитеттердің отырысы мүмкін болатын нұсқаулықтарды дайындау үшін мүдделі тараптар өз ұстанымын толық айта алатын пікірталас алаңы болу керек деп атап көрсетті.

Бұдан басқа, Рустам Ақбердин осындай іс-шаралар өткізудің әртүрлі бағыттағы екі мақсатын белгіледі – бір жағынан, кәсіпкерлік және сарапшы топтар позициясы туралы ЕЭК-ның ақпараттық деңгейін көтеру, ал екінші жағынан, Комиссия құрылымы мен құзыреттілігі туралы, сол сияқты Комиссиямен өзара байланыс тәртібі туралы бизнес және қоғамдастық өкілдеріне ақпарат беру.

Жұмыс Регламентіне сәйкес шағын комитеттер отырысының хаттамасы келесі аптада дайындалып, бекітіледі және ол нұсқаулық сипатта болады.

Отырыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз-брифингте ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин, Мемлекеттік реттеу және Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық комиссияның үш мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастық өкілдері тілшілердің сұрақтарына жауап берді.