Жүйеге кіру
Владимир Гошин: «Кедендік құнды анықтау мәселелері біз үшін ерекше маңызды»

Владимир Гошин: «Кедендік құнды анықтау мәселелері біз үшін ерекше маңызды»

02.09.2013

2013 ж. 29 тамыздан 30 тамызына дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Владимир Гошин Латвия Республикасына барды.


Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Латвия Республикасы Мемлекеттік табыстар қызметінің Кеден басқармасы Директоры Талис Кравалиспен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында қатысушылар Кеден одағы мен Латвияның кеден саласындағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, тараптар кедендік төлемдерді алу тәртібіне, кедендік құды бақылау және оны анықтау тәжірибесіне, сондай-ақ Еуропа одағының талқыланған мәселелерді құқықтық реттеудегі тәжірибесіне баса назар аударды.


«Көз жазбайтын назар бөлуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі – тауарларды шығару кезінде кедендік құнын анықтау себептерімен кідіртулерді барынша азайту болып табылады. Соңғы уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия бұл бағытта бірқатар құжаттар қабылдады және әзірлеуде, сондықтан Еуропа одағының тәжірибесі біз үшін қызық және пайдалы болады», - деп атап өтті Владимир Гошин.


Сапар барысында Владимир Гошин Рига еркін портындағы кедендік бекет жұмысымен танысты. Сапар кезінде Еуропа одағы аумағына теңіз көлігімен тауарлар әкелген кезде алдын-ала хабарлау рәсімін ұйымдастыру, кедендік органдар мен тасымалдаушылардың осы рәсім аясында өзара әрекеттестік жасау тәртібіне екпін қойылды.