Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы жанындағы Салық саясаты және әкімшілендіру бойынша Консультативтік комитеті сарапшыларының отырысы болып өтті

ЕЭК Алқасы жанындағы Салық саясаты және әкімшілендіру бойынша Консультативтік комитеті сарапшыларының отырысы болып өтті

02.09.2013

28-30 тамыз күндері Мәскеу қаласында ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің Директоры Бембі Хулхачиевтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Салық саясаты және әкімшілендіру бойынша Консультативтік комитет сарапшыларының кезекті отырысы болып өтті.

Отырыстың басты мәселесі алып тастау және басқа да шектеулерді, оның ішінде салықтық аспектілер бөлігінде өзара сауда жасауда тосқауылдарды талқылау болды. Бұдан басқа , Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікте жанама салықтарды әкімшілендіруге байланысты проблемалық мәселелер қаралды. Әр проблемалық мәселе бойынша сарапшылардың келісілген шешімі қабылданып, осы бағыттар бойынша, оның ішінде КО және БЭК мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасында ақпарат алмасу бойынша Тараптар жұмысының одан арғы тәртібі анықталды.

Сондай-ақ, Тараптарға ілгеріде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында қарауға ұсыну үшін КО және БЭК халықаралық келісімшарттарына жанама салық салу саласында өзгерістер енгізу туралы нормативтік-құқықтық құжаттар жобаларының қорытынды редакциясын парафирлеу (қол қойғызу) тапсырылды.

Сарапшылар Қырғыз Республикасы салық қызметінің өзара саудадағы жанама салықтарды алу, КО және БЭК мүше мемлекеттерінің салық органдары арасында ақпарат алмасу мен Қырғыз Республикасы салық қызметінің өкілдері бақылаушы ретінде Консультативтік комитеттің жұмысына қатысуы мәселелері бойынша ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында таныстыру семинарларын ұйымдастыру бойынша ұсынымын қолдау туралы шешім қабылдады.

Консультативтік комитет отырысы аясында ЕЭК Ақпараттық технологиялар Департаментінің директоры Александр Хотько Кеден одағы сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесі (СӨСИАЖ) туралы айтып берді.

Бұдан басқа, КО және БЭК келісім-шарттық негізін құрайтын салықтық саясат пен әкімшілендіру саласындағы халықаралық шарттарды кодтау бойынша жұмыс барысы туралы мәселе талқыланды. Тараптар осы мәселе бойынша жалпы процестерді (соның ішінде өзара саудадағы салық салу бөлігінде) автоматтау мен бақылауды әрі қарай жетілдіру, ал сонымен қатар деректер мен электрондық құжаттармен мемлекетаралық алмасудың интеграцияланған ақпараттық құрылымын дамыту мақсатында қалыптасқан жағдаймен танысты.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Салықтық саясат пен әкімшілендіру бойынша Консультативтік комитеттің бесінші отырысын Минск қаласында ағымдағы жылдың қазан айында өткізу жоспарланды.