Жүйеге кіру
ЕЭК ЕЭО ішіндегі әуе тасымалы кезіндегі трансфер жүйелерін жеңілдетуге бағытталған өзгерістерді мақұлдады

ЕЭК ЕЭО ішіндегі әуе тасымалы кезіндегі трансфер жүйелерін жеңілдетуге бағытталған өзгерістерді мақұлдады

02.09.2015

1 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кезекті отырысында сауда-саттық, кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу, экономика және қаржы саясаты, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) барлық кедендік аумағында қолданылатындай әуе тасымалдары кезіндегі бірыңғай трансфер жүйесін құруға бағытталған Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Мұндай жүйені ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар ретінде әуежайлардың техникалық мүмкіншіліктері және мемлекеттік органдар мен әуе тасымалдаушыларының ақпараттық өзара әрекеттестігі белгіленіп отыр. Алқаның Шешімдері халықаралық әуежайға қонып-кету арқылы ұшатын азаматтар үшін әуе билетін сатып алғанда да, әуе рейсіне тіркелу кезінде де минималды талаптар сақталғанда өздерінің ілеспе жүктерін, олардың ішінде кедендік декларациялануға (мәлімдеуге) жататын тауарлар болмаған жағдайда трансферлік жүк ретінде ресімдеуге мүмкіндік берілуі көзделіп отыр. Соның салдарында мұндай жүкті түйісетін әуежайда оны жолаушыға қайтармастан, әуе тасымалдаушы мақсатты әуежайға дейін жеткізеді. Осылайша, жолаушы кедендік бақылаудан өту үшін өзінің жүгін алмай-ақ, түйісу рейсіне бірден бара береді. Әуе тасымалдаушылар дайын болғанда, әуе жолаушылары осы жеңілдікті бір айдан соң пайдалана алады.

Сонымен қатар, отырыста ЕЭО «Кедендік өкілдердің ортақ тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану» жалпы процессінің шеңберінде ақпараттық өзара әрекеттестікті регламенттейтін технологиялық құжаттар пакеті бекітілді. Солардың ішінде ақпараттық өзара әрекеттестік ережелері, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның арасындағы ақпараттық өзара әрекеттестік регламенті, электронды құжаттар мен мәліметтердің құрылымдары мен форматтарының сипаттамасы, сондай-ақ жалпы процесске қосылу тәртібі. Бұл технологиялық құжаттар Шешім қабылданған күннен бастап 180 күн өткен соң күшіне енеді.

Сонымен қатар, Алқаның мүшелері «Материалдық-техникалық жарақтандыруға және өсімдіктер карантині жөніндегі бекеттерді (фитосанитарлық бақылау бекеттерін) жайғастыруға қойылатын Талаптарды бекіту және Кеден одағының сыртқы шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде жүзеге асырылатын шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, ветеринарлық, карантиндік фитосанитарлық және көліктік бақылауды ұйымдастыруға қажетті болатын ғимараттарды, алаңдарды және нысандарды жабдықтауға әрі материалдық-техникалық жарақтауға қойылатын Бірыңғай типтік талаптарға өзгерістер енгізу туралы» ЕЭК Кеңесінің шешімі жобасы туралы» өкімді келісті».

Әзірленген Өсімдіктер карантині жөніндегі бекеттерді (фитосанитарлық бақылау бекеттері – ФББ) материалдық-техникалық жарақтауға және жабдықтауға қойылатын Талаптар ЕЭО туралы Шартта бекітілген нормалардың орындалуы үшін қажет болады. Соларға сәйкес, Одақтағы мемлекеттер ЕЭО кедендік шекарасы арқылы, карантинге жатқызылатын өнімдерді (карантинге жатқызылатын жүктер, карантинге жатқызылатын материалдар және карантинге жатқызылатын материалдар) тасымалдауға арналған өткізу бекеттерін, және өзге жерлерде олардың материалдық-техникалық жарақталуына және жабдықталуына қойылатын талаптарды ескере отырып, ФББ құрады.

Комиссия Кеңесінің тиісті шешімінің күшіне енуі мыналарға мүмкіндік береді: ЕЭО мүше мемлекеттердің фитосанитарлық бақылау бекеттеріне қойылатын талаптарды біріздендіруге және ЕЭО кедендік шекарасында әрі кедендік аумағында карантиндік фитосанитарлық бақылаудың (қадағалаудың) тиімділігін жоғарылату.

Сонымен қатар, «Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылатын тауарларға қойылатын Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауындағы 22 бөлімге өзгерістер енгізу туралы» шешімі қабылданды. Шешімнің Жобасымен Бірыңғай санитарлық талаптардың «Тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштердің қауіпсіздік талаптары» атты 22 бөліміндегі №2 Қосымшаға «Аскорбин қышқылы, L- (ASCORBIC AСID, L-)» (Е 300) тағамдық қоспасының технологиялық функцияларының нұсқауларын түзетуге қатысты өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Шешімнің қабылдануы Е 300 тағамдық қоспасын ұнды өңдеуге арналған зат ретінде пайдалануды өндіруші заң жүзінде тағамдық қоспа ретінде, сондай-ақ оның өндірісте қолданылуына уәкілетті органдармен бақылау жүзеге асырылуының тұрғысындағы функционалдық арналуының заңдық айқындалмағандығын жояды.

Тағы бір өзгерістер топтамасы «Тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштердің қауіпсіздік талаптары» атты №15 қосымшаға қатысты болып отыр. Ұсынылып отырған бұл редакция ет шикізатына енгізілетін фосфаттардың көлемін килограммға 3 граммнан келетіндей шектейді. Бұл ретте дайын өнімдегі барлық фосфаттардың құрамдылығы килограммға келетіндей 8 граммнан аспауға тиіс. Бұл өзгерістердің қабылдануы тағам өнімдерін өндірушілер, жеткізушілер мен өткізушілер үшін қосымша тосқауылдар пайда болуынан әрі қаржылық шығындардан алшақтауға мүмкіншілік береді.

Қабылданған өзгерістер Кеден одағының «Тағамдық қоспалардың хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздігі талаптары» (ТР ТС 029/2012) техникалық регламентіне тиісті өзгерістер енгізілген соң әрекет етуін бастайтын болады.