Жүйеге кіру
ЖЕЭК мүшелері кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерінің мөлшерін келісті

ЖЕЭК мүшелері кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерінің мөлшерін келісті

02.10.2019

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері 1 қазанда Ереванда (Армения) болған отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерінің мөлшерін келісті.

ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жекелеген халықаралық шарттардың қолданылуын өзгерту және тоқтату туралы хаттамаға қол қойылды.

Хаттамаға сәйкес кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтері әрбір мүше мемлекет үшін мынадай мөлшерде белгіленеді:

Армения Республикасы – 1,220%;

Беларусь Республикасы – 4,860%;

Қазақстан Республикасы – 6,955%;

Қырғыз Республикасы – 1,900%;

Ресей Федерациясы – 85,065%.

Хаттама ережелерін мүше мемлекеттер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданады. ​