Жүйеге кіру
ЕЭК пен Марокко жұмыс тобының бірінші отырысы сәуірде өтеді

ЕЭК пен Марокко жұмыс тобының бірінші отырысы сәуірде өтеді

03.03.2020

ЕЭК штаб-пәтерінде ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Сергей Шухно және Марокко Корольдігінің Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лотфи Бушаара Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Марокко Корольдігінің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту әрі бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

«2019 жыл ЕАЭО-ның барлық Африка өңірімен өзара іс-қимылы үшін маңызды болды. ЕЭК пен Африка одағының Комиссиясы Сочидегі «Ресей – Африка» саммиті шеңберінде экономикалық ынтымақтастық саласындағы меморандумға қол қойып, тікелей диалог орнатты. Біз бұл қадам тек бірлестіктер арасында ғана емес, оған кіретін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың дамуына да жаңа серпім беретініне сенімдіміз», – деп мәлімдеді Сергей Шухно.

Сергей Шухно Марокконың ЕАЭО-ның маңызды сауда әріптесі ретіндегі рөлін атап көрсетті. «2019 жылдың қорытындысы бойынша біздегі тауар айналымы көлемі 1,44 млрд долларды құрайды», – деп атап өтті ол.

Марокко елшісі ЕЭК-пен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін айтты және бизнес-диалогты күшейтуге шақырды.

Кездесуге қатысушылар Еуразиялық экономикалық комиссия мен Марокко Корольдігі Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл бойынша жұмыс тобының бірінші отырысын биылғы 9-10 сәуірде Ресей-Марокко үкіметаралық комиссиясы шеңберінде өткізу туралы уағдаласты.​