Жүйеге кіру
Өздігінен жүретін машиналар паспортының бірыңғай нысанын толтыру тәртібі өзгертілді

Өздігінен жүретін машиналар паспортының бірыңғай нысанын толтыру тәртібі өзгертілді

IMG01504.JPG
03.03.2020

ЕЭК Алқасы Өздігінен жүретін машиналар паспортының бірыңғай нысанын толтыру тәртібіне, сондай-ақ осындай паспорттарды ресімдеуді жүзеге асыратын Уәкілетті органдар мен дайындаушылардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізді.

Өздігінен жүретін машиналар паспортының бірыңғай нысанын толтыру тәртібіне өзгерістер Одақтың техрегламенттері аясына жатқызылмайтын өздігінен жүретін әуеайлақ машиналарын, орман мульчерлерін, ратрактарды және жол таңдамайтын көлемді жүк көтеретін көлік құралдарын өндірушілерге сәйкестікті бағалау туралы құжаттар жайындағы мәліметтерді көрсетпестен 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін өздігінен жүретін машиналардың паспортын ресімдеуге мүмкіндік береді.

Осындай паспорттарды ресімдеуді жүзеге асыратын Уәкілетті органдар мен дайындаушылардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне өзгерістер мұндай техниканы дайындаушыларды Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктеріне қосуға және өз өніміне паспортты ресімдеуге мүмкіндік береді.​