Жүйеге кіру
ЕЭК мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде ұлттық режимнен қайта алып қоюды белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындайды

ЕЭК мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде ұлттық режимнен қайта алып қоюды белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындайды

Фото-Жумангарин.JPG
03.03.2020

ЕЭК Алқасы 3 наурызда мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды өткізу кезінде ұлттық режимнен қайта алып қоюды белгілеу механизмін қарады.

Бұл мәселе бұдан бұрын Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында талқыланған-ды, бірақ тараптардың келіспеушіліктері қалған еді.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Серік Жұманғариннің сөзінше, механизм қазірдің өзінде әзірленіп болды. Атап айтқанда, ол мемлекеттің қайта алып қоюды белгілеу ниеті туралы Одақтың басқа елдері мен Комиссияны құлағдар етуін бағамдайды. Егер мемлекеттердің қарсылығы бар болса, бұл жағдайда мәселе ЕЭК Алқасының қарауына шығарылады. Алқаның шешімді қандай жолмен: консенсуспен немесе көпшілік дауыспен қабылдайтынын тараптар анықтауға тиіс.

Пысықталғаннан кейін құжатты ЕЭК Кеңесінің отырысына шығару жоспарланып отыр.​