Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ға коронавирустық инфекцияға қарсы күресу мақсатында бажсыз әкелінетін тауарлар тізбесін толықтырды және бірқатар бұйымдар мен материалдар экспортына тыйым салуды алып тастауды мақұлдады

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ға коронавирустық инфекцияға қарсы күресу мақсатында бажсыз әкелінетін тауарлар тізбесін толықтырды және бірқатар бұйымдар мен материалдар экспортына тыйым салуды алып тастауды мақұлдады

03.06.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 3 маусымдағы отырысы барысында біржолғы жеке қорғану құралдарына жәнедәрілік заттарды, дезинфекциялауқұралдарымен медициналық бұйымдарды өндіру үшін пайдаланылатын жекелеген тауар түрлеріне арналған импорттық бажды уақытша негізде нөлге түсіру туралы шешім қабылдады. Бұл өнімнің тізіміне, атап айтқанда, ортофосфор қышқылы, сутегі тотығы, полимерлік пленка, біржолғы қалпақшалар және т.б. кірді. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Бұдан басқа, ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан клеенкаларды, тоқыма материалдарының, мақтаның, лейкопластырьдің және басқа да бұйымдардың бірқатар түрлерін шығаруға тыйым салуды алып тастауды мақұлдады. Бұлжайдағы түпкілікті шешімді ЕЭК Алқасы қабылдайды.

Анықтама

Мүше мемлекеттердің коронавирустық инфекцияның таралуын алдын ала ескертуге және болдырмауға бағытталған шараларды іске асыруы мақсатында Одақтың кедендік аумағына бажсыз әкелінетін тауарлар тізбесі ЕЭК Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 21 шешімімен айқындалған. Тиісті жеңілдік үстіміздегі жылғы 30 қыркүйек аралығына дейін беріледі. Бұдан басқа, ЕЭК Алқасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 41 шешімімен осы мерзімге дейін ЕАЭО-дан жеке қорғану құралдарын, қорғану және дезинфекциялау құралдарын, медициналық мақсаттағы өнімдер мен материалдарды әкетуге тыйым салу белгіленді.