Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын қарайды

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын қарайды

03.07.2020

Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 10 шілдеде өтетін отырысына шығарылады. Бұл туралы 2025 жылға дейінгі Стратегия жобасын жете пысықтау жөніндегі жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев мәлімдеді.

Еске сала өтсек, Стратегия жобасын биылғы 19 мамырда ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары тұтастай мақұлдаған болатын. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкіметтеріне құжатты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің көзбе көз форматта өтуі жоспарланып отырған келесі отырысына дейін жете пысықтау тапсырылған еді.

ЕЭК Алқасы өзі әзірлеген стратегиялық бағыттарды іске асыру жоспарын да ЕЭК Кеңесіне ұсынады.​