Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты

Михаил Мясникович Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты

03.07.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 3 шілдеде Минскіде Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты салтанатты іс-шараларға қатысты. 

«Беларусь есте сақтайды» патриоттық шеруі шеңберінде Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін журналистермен әңгімелесуде Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақ барлық мүше мемлекеттің пайдалы саудасы мен бірлесіп өндіруі үшін сауда-экономикалық механизмдерін жолға қоюды мақсат тұтатын интеграциялық бірлестік екенін атап өтті. 

«Біз Беларусь Республикасының және ЕАЭО-ға кіретін мемлекеттердің мүддесіне орай синергетикалық өзара іс-қимылдың есебінен бұл біздің елдеріміздің халықтарына көп-көп пайда әкелуі және өзара пайдалы бола түсуі үшін кейде экономикалық ынтымақтастықтың жеңіл емес мәселелерін шешеміз», – деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының басшысы.

Толығырақ БЕЛТА ақпарат агенттігінде​