Жүйеге кіру
Газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын іске қосу үшін ЕЭК нормативтік-құқықтық база қалыптастырады

Газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын іске қосу үшін ЕЭК нормативтік-құқықтық база қалыптастырады

IMG00622.jpg
03.09.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 2 қыркүйекте сауда, макроэкономика, кедендік ынтымақтастық, кәсіпкерлік қызметті дамыту, бәсекелестік, цифрландыру, қаржы нарықтары, техникалық реттеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде электр энергиясының, газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру салаларындағы мәселелерді қарады. 

ЕЭК Алқасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру шеңберінде электрондық нысанда ақпарат ұсыну және мұнай мен мұнай өнімдері бойынша ұқсас құжат ұсыну тәртіптерін бекітті. 

Одақта газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын іске қосу үшін қажетті нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындау жалғасуда. Бекітілген тәртіптер Одақ елдері уәкілетті органдарының алмасуға жататын ақпараттың тізбесін және мұндай алмасуды жүзеге асыру мерзімділігін қоса, Комиссияға электрондық нысанда ақпарат ұсыну қағидаларын айқындайды.

Одақ порталында мүше мемлекеттердің газ және мұнай салаларындағы негізгі өндірістік көрсеткіштері, газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің көтерме бағалары, оларды тасымалдаудың тарифтері, халықаралық шарттар, газды, мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудің тарифтерін қалыптастыру әдістемелері және басқалар туралы ақпарат жарияланатын болады. Сондай-ақ газ-көлік жүйелері объектілерін жаңғырту мен олардың құрылысы жөніндегі жоспарлар, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерін дамыту, Одақ мемлекеттері арасындағы энергия ресурстарын тасымалдау мен жеткізу кезіндегі инфрақұрылымдық шектеулер туралы мәліметтерді орналастыру көзделген. Тиісті ақпаратты жариялау ортақ нарықтардың қатысушыларына қажетті мәліметтерді жедел алуға мүмкіндік береді.

Тәртіптер энергия ресустарының ортақ нарықтарын қалыптастырудың мемлекеттер басшылары бекіткен бағдарламасына сәйкес қабылданды. 

ЕАЭО мемлекеттерінің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану саласындағы технологиялық құжаттары бекітілді. 

Одақ елдерінің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі құқық иеленушілердің мүдделерінің сақталуына және нарықтың контрафактілік өнімнен қорғалуына кедендік бақылау үшін жасалады. 

Қабылданған технологиялық құжаттар Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдары мен ЕЭК арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың қағидасы мен регламентін, зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдаланудың ортақ процестерін іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құжаттар мен мәліметтер форматтарының және құрылымдарының сипатын, сондай-ақ ортақ процеске қосылу тәртібін қамтиды. 

Бірыңғай кедендік тізілімге кіргізілген барлық зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтерді қамтитын ортақ ақпараттық ресурс құрылады деп бағамдалуда. Тізілімді жүргізу Одақ сайтында жеке кабинетті пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады. Зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай кедендік тізілімге кіргізу туралы өтініштерді қабылдау 2020 жылдың ортасында басталады деп жоспарлануда.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО елдеріне құрамдастырылған дәрілік препараттардың клиникаға дейінгі және клиникалық әзірлемесі жөніндегі нұсқаманы қолдануға ұсыным жасады. Бұл көрсетілген әзірлемені жүргізу, құрамдастырылған дәрілік препаратқа арналған тіркеу дерекнамасын қалыптастыру, тисті құжаттардың сараптамасын өткізу кезінде, сондай-ақ құрамдастырылған дәрілік препаратқа арналған тіркеу дерекнамасына өзгерістерді тіркеу және енгізу кезінде ұсынылды.

Нұсқама бір дәрілік нысанда екі немесе одан да көп әсер етуші затты қамтитын құрамдастырылған дәрілік препараттың (дәрілік заттардың тиянақталған комбинациялары, дәрілік заттардың тиянақталған дозалық комбинациялары) клиникаға дейінгі және клиникалық әзірлемесіне қойылатын бірыңғай тәсілдемелерді белгілейді.

Құжатта комбинацияның жаңашылдық дәрежесіне және құрамдастырылған дәрілік препараттар компоненттерінің зерделенуіне байланысты дәрілік препараттарды әзірлеу стратегиясы жөнінде ұсынымдар қамтылған. Әзірлеу стратегиясында комбинациялардың қауіпсіздігі мен тиімділігін клиникаға дейінгі зерттеу көлемі жазылып қойылған, клиникалық зерттеулердің: монотерапияны алмастыру зерттеулері, комбинацияның жаңа әсерін зерттеулер және биоэквиваленттік зерттеулер түрін таңдау жөнінде нұсқаулар берілген. 

Нұсқаманы қабылдау, бір жағынан фармацевтика өндірушілерінің тиянақталған комбинацияларды зерделеу шығындарын қысқартуға, екінші жағынан – дәлелдемелік медицина тұрғысынан қарағанда тиімді комбинацияларды білдірмейтін құрамдастырылған дәрілік препараттардың нарыққа шығып кетуін болғызбауға ықпал етеді.