Жүйеге кіру
ЕЭК-тің Көлік жөніндегі консультативтік комитеті бірінші жартыжылдықтағы интеграциялық процестердің қорытындысын шығарды

ЕЭК-тің Көлік жөніндегі консультативтік комитеті бірінші жартыжылдықтағы интеграциялық процестердің қорытындысын шығарды

03.09.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттері әуежайлары инфрақұрылымының, әуеайлақ жабдығының, әуе кемелерінің ұшуын аэронавигациялық және радиотехникалық қамтамасыз етудің жай-күйін, сондай-ақ Еуразиялық «бестік» елдеріндегі автомобиль көлігі мен жол шаруашылығында пайдаланылатын қазіргі бар зиятты көлік жүйелерін талдауды аяқтады.

Зерттеу нәтижелері ЕЭК-тің Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиевтің төрағалық етуімен Комиссияның Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында мақұлданды.
Бұдан басқа, Комитет транзиттік және мультимодальді тасымалдарды регламенттейтін заң актілерін талдаудың аралық нәтижелерін, көлік қызметтерін көрсету нарығын қалыптастырудың әлемдік тәжірибесін зерттеуді, одақтық елдердің халықаралық шарттар мен конвенцияларға қатысу мониторингін қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша Эмиль Кайкиев:
«2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы біздің негізгі қызметіміз талдамалы баяндамалар дайындау болды. Біздің бұл жұмысты тездеткеніміз және биылғы қазаннан кешіктірмей Комиссия Алқасының қарауына енгізу қажет болатын тиісті шешімдер мен ұсынымдарды дайындауға ерекше назар аударғанымыз жөн. Бұл көлік кешендері интеграциясының келесі кезеңдері үшін маңызды. Келесі жылы біз 2021-2023 жылдарға арналған «жол карталарын» дайындауға кірісеміз»,- деп атап өтті.

Зерттеулер жөніндегі жұмысты үстіміздегі жылғы ІІІ тоқсанның аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. Соның ішінде бұл халықаралық қатынастарда жүк тасымалын ұйымдастыру және ресімдеу кезіндегі келісілген тәсілдемелер мен қағазсыз технологияларды ендіру әрі пойыздар қозғалысын ұйымдастырудағы кемшіліктерді жою жөніндегі зерттеу болады. Құжат қағазсыз технологияларды ендіру көмегімен жүк теміржол тасымалдарын ұйымдастыру сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар тізбесін айқындайды.

Мұндай тәсілдеме өндірістік операцияларды тіркеу шығындарын кемітуге, құжаттар мен деректердің қосарласуын болдырмауға, халықаралық қатынаста жүк тасымалын ұйымдастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын ЕАЭО елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің орталықтандырылған есеп-қисабын қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Бұл құжаттардың негізінде үйлестірілген позицияларды интеграциялық мақсаттарда тұжырымдау мүмкін болатын халықаралық шарттардың тізбесі туралы ұсынымдар дайындау жоспарлануда.

Сондай-ақ дене мүмкіндігі шектеулі адамдардың көлік инфрақұрылымына және қоғамдық көлікке кедергісіз, қолайлы және қауіпсіз қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау туралы; халықаралық қатынаста жүк тасымалын ұйымдастыру мен ресімдеу кезінде қағазсыз технологияларды ендіру және пойыздар қозғалысын ұйымдастырудағы бар кемшіліктерді жою жөніндегі келісілген тәсілдемелер туралы; ЕАЭО елдерінің халықаралық қатынаста жолаушылар тасымалы сапасын арттыруы туралы ұсынымдардың жобасы қаралды және келісілді.

Олар белгіленген тәртіпте Комиссия Алқасының қарауына енгізілетін болады.

Тұтастай алғанда Комитет «жол карталарының» 2019 жылы орындау мерзімі аяқталатын іс-шараларының іске асырылуына айрықша көңіл бөлді.

Бұдан басқа, Консультативтік комитет мүшелері ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі іске асыру мәселелерін талқылады. Құжат көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мен жаңғыртуға инвестициялар тартуды, көлік дәліздерін дамытуды көздейді. Сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін құруды және жаңғыртуды көздейді. Комитет Комиссияның Келісімді іске асыру үшін құрылған Бірлескен комиссия жанынан жұмыс тобын/кіші комитет құру туралы ұсынысын қолдады және қаралатын бағыттар (мәселелер) тізбесі бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Консультативтік комитет мүшелері Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің «Көлік апталығы-2019» халықаралық көрме форумы шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органдардың стендін ұйымдастыру туралы бастамасын қолдады, онда Еуразиялық интеграциялық процестердің көлік саласындағы бес жылдық даму кезеңі ішіндегі жай-күйін бейнелеу жоспарланған.

Консультативтік комитеттің кезекті отырысын 2019 жылғы желтоқсанда өткізу жоспарлануда.​