Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері мен Иран ынтымақтастықты тереңдетуге дайын

ЕАЭО елдері мен Иран ынтымақтастықты тереңдетуге дайын

IMG01474.jpg
03.09.2019

2 қыркүйекте Мәскеуде ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Иран Ислам Республикасының Энергетика министрі, ынтымақтастық жөніндегі Иран-Армян және Иран-Ресей бірлескен үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Реза Ардаканиянмен кездесті.

«Біз ынтымақтастықты белсенді дамытып отырған қымбатты достарымызға ілтифат лебізін білдіргенімізге қуаныштымыз
, - атап көрсетті Тигран Саркисян. - Одақ мемлекеттерінің басшылары Иранмен ынтымақтастықты тереңдетуге айрықша маңыз беріп отыр. Біздің айрықша қатынастарымыз бірлескен құжаттарда, бәрінен бұрын, жақында барлық тарап ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен Иран арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімде бекітілген. Біз бұл орайда ноталармен алмастық. Мұның өзі таяу уақытта біздің келісіміміздің күшіне енетінін және өз қатынастарымызды жаңа деңгейге шығара алатынымызды білдіреді».

ЕЭК Алқасының Төрағасы Реза Ардаканиянға жеке күш-жігері үшін, сондай-ақ келіссөздерге қатысқан және табысқа жетуге қол жеткізуге көмектескен басқа да ирандық әріптестеріне ризашылығын білдірді.

Иранның Энергетика министрі өз кезегінде Тигран Саркисянның, сондай-ақ
ЕЭК-тің Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина мен Еуразиялық экономикалық комиссияның және Одаққа мүше мемлекеттердің келіссөз командалары атына алғысын білдірді. Ол Иран Ислам Республикасының мемлекеттік құрылымдары мен бизнесі Келісім шеңберінде ЕАЭО-дағы өз әріптестерімен өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екенін атап өтті.

Атап айтқанда, Иран тарапы Мәскеуде Иранның Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдігін ашу туралы шешім қабылдады, тараптар арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың нығаюын қолдау процесіне ол тікелей тартылатын болады. Бұдан басқа, Иранда ең жоғары мемлекеттік деңгейде ЕЭК-пен және Одақ елдерінің кәсіпкерлерімен ынтымақтастықтың басқа да механизмдері қарастырылуда.
Иранның Энергетика министрі Келісім қолданыла бастағаннан кейін ынтымақтастықтың жаңа тиімді форматтары табылатынына сенімді екенін білдірді.

«Ирандықтар біздің Еуразиялық экономикалық одақпен, соның ішінде энергетикалық және басқа салалардағы уағдаластығымыздың іске асырылуы үшін мүмкін болғанның бәрін жасайды»,-
деп мәлімдеді Реза Ардаканиян.

Тигран Саркисян жақын уақытта Бішкекте (Қырғызстан) «Еуразиялық апта» өткізілетінін Иранның Энергетика министрінің есіне салды және Иран бизнесі өкілдерін оған қатысуға шақырды. «Мен және Комиссияның басқа да министрлері – біздің бүкіл командамыз – Бішкекте боламыз. Одақтың іскерлік қоғамдастықтарының көптеген өкілдері осы форумға қатысады. Біз үшін ең ірі Еуразиялық алаңда Иран бизнесінің де қатысуы аса маңызды». «Еуразиялық апта» барысында ирандық кәсіпкерлерге ЕАЭО-ның ортақ нарығындағы сауданың барлық артықшылықтары түсіндірілетін болады.

ЕЭК Алқасының Төрағасы ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесі Иранның бизнес-қоғамдастығымен ынтымақтастық туралы меморандум дайындағанын хабарлады. «Біз бұл құжатқа форум күндері қол қойылуын қалаймыз,- деді
Тигран Саркисян.- Бұл Иран мен ЕАЭО елдері қатынастарының ойдағыдай дамып отырғанының тағы бір маңызды растамасы бола алар еді».

ЕАЭО елдерінің Иранмен көлік саласында мүмкін болатын өзара іс-қимылына тоқтала келіп,
Тигран Саркисян тараптардың жоғары көлік әлеуетін атап өтті. Географиялық жағдайдың өзі олардың «Солтүстік-Оңтүстік», «Батыс-Шығыс» түбірлі бағыттарында негізгі көлік тораптары болуы рөлін айқындап отыр. Алайда бұл әлеуетті дұрыс іске асыру үшін ашық өзара тиімді диалог талап етіледі.

«Біздің Одақ мемлекеттерінің басшылары ЕАЭО аумағы арқылы өтетін жеткізілімдер көлемін елеулі түрде арттыру міндетін алға қойып отыр. Бұл орайда Иранның да мүддесі бар. Біз тиісті механизмдерді іске асыруды бастауға біздің мамандарымыздың деңгейінде мүмкіндік бере алатын жалпы тәсілдемелерді байқап көргіміз келеді. Бұл арада сөз транзиттік тасымалдарға сүйемел болатын нақтылы және цифрлық инфрақұрылымды, қаржы механизмдерін құру туралы болып отыр
»,- деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының Төрағасы.

ЕЭК Алқасының Төрағасы мен
Иранның Энергетика министрі алда тұрған екі ірі іс-шараға - Еуразиялық кеңістіктің көлік әлеуетіне арналған ЕАЭО форумына және биылғы 30 қыркүйекте және 1 қазанда Ереванда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарына да байланысты сөз қозғады. Тараптар осы іс-шараларға Иран Президенті Хасан Руханидың алдағы келу сапарының маңыздылығы мен айтулы сипаты бар екендігін атап өтті.

Кездесу қорытындысында Реза Ардаканиян Тигран Саркисянды ирандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу және ынтымақтастықтың алдағы механизмдерін талдау үшін Иранға келіп қайтуға шақырды.