Жүйеге кіру
ЕАЭО мен Моңғолия ынтымақтастықты дамытады

ЕАЭО мен Моңғолия ынтымақтастықты дамытады

03.12.2019

3 желтоқсан күні Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Моңғолияның Премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсухтың кездесуі болып өтті. Тараптар Моңғолия мен мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі туралы пікір алмасты.

Моңғолия Премьер-министрі елдің экономикалық даму серпіні туралы айтты, сондай-ақ Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен келіссөздердің кейбір жай-жапсары туралы хабардар етті, оның барысында Ухнаагийн Хурэлсух Моңғолия мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында еркін сауда туралы келісімге қол қоюға мүдделілік білдірді.

Тигран Саркисян еркін сауда аймағы (ЕСА) туралы келісім жасасу туралы келіссөздердің ағымдағы жай-күйі туралы айтты. Атап айтқанда, ол ЕСА туралы Сербиямен, Сингапурмен келісімге қол қойылғанын, Иранмен ЕСА құруға алып келетін Уақытша келісім күшіне енгенін хабарлады. ЕЭК Алқасының басшысы Моңғолия Премьер-министрін сондай-ақ осы мәселе бойынша келіссөздерді бастаудың механизмдері туралы хабардар етті.

Комиссия мен ЕАЭО елдерінің Моңғолиямен өзара іс-қимылы үдемелі дамып келе жатқанын айта өткен жөн. 2015 жылы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оны іске асыру шеңберінде Мәскеуде және Улан-Баторда жұмыс тобының отырыстары, салалық іс-шаралар жүйелі өткізіліп келеді.

ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 12,9% артты. 2018 жылы ЕАЭО елдерінің Моңғолиямен тауар айналымы 2017 жылмен салыстырғанда 20% өсті.

Соған қарамастан, ЕАЭО мен Моңғолияның меморандум шеңберінде, соның ішінде салалық бағыттар бойынша ынтымақтастығының іске асырылмаған әлеуеті бар. Осы мақсатта 4 желтоқсанда « «Ресей-Моңғолия. ЕАЭО бірыңғай нарығында бизнесті жүргізу» бизнес-форумы шеңберіндегі «ЕАЭО – Моңғолия: ынтымақтастық серпіні және өзара іс-қимыл перспективалары» панельдік сессиясында 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылады.

Құжат техникалық, монополияға қарсы реттеуді, сауданы, өнеркәсіпті және агроөнеркәсіп кешенін, көлікті, энергетиканы, кедендік әкімшілендіруді және басқаларды қоса алғанда, өзара мүддені білдіретін ынтымақтастық салалары бойынша кең ауқымды мәселелерді қамтиды.

Бұдан басқа, 2017 жылы ЕАЭО-Моңғолия бірінші бизнес-форумы өтті. Жоспарда - кезекті іскерлік форумын өткізу тұр. Мұндай іс-шаралар ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды қалыптастыру мен нығайтудың пәрменді құралы болып табылады.​