Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы болып өтті

ЕЭК Алқасының жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы болып өтті

04.01.2013

1 ақпан күні Мәскеу қаласында Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы болып өтті.

Комитеттің отырысына Беларусь Республикасының Салықтар және алымдар министрлігі, Беларусь Республикасының Экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі, сондай-ақ КО мен БЭК қатысушы мемлекеттердің басқа да мемлекеттік органдары мен жетекші бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Комитет жұмысының регламентінің жобасы мен оның құрамына өзгерістер енгізу талқыланды, сондай-ақ КО мен БЭК аумағында кәсіпкерлік қызметтердегі өте көп кедергілерді жою бойынша мамандандырылған ішкі комитеттер құру мәселесі қаралды.

ЕЭК Министрі Комитеттің мүшелерін және шақырылған сарапшыларды Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымы және қызметінің ерекшеліктері туралы, сондай-ақ КО мен БЭК аясында ықпалдасудың негізгі кезеңдері туралы хабардар етті.

Кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин Кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің, сондай-ақ ЕЭК Алқасының жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің қызметіндегі мақсаттар мен міндеттерді түсіндіріп берді.

Кәсіпкерлікті қорғау бөлімі бастығының орынбасары Артем Юлегин «Халықаралық шарттар мен ЕЭК шешімдері жобаларының кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына тигізетін ықпалына сарапшылық бағалау жасау жүйесін ұйымдастыру туралы» презентациясын ұсынды. Отырысқа қатысушылар халықаралық шарттар мен ЕЭК шешімдері жобаларының кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына тигізетін ықпалына бағалау жасау халықаралық ықпалдасқан бірлестіктерде норма шығармашылығы мен құқық әрекетінің озық тәжірибелеріне де сәйкес келетіндігін және де КО мен БЭК ұлттықтан жоғары реттеудің тиімділігінің маңызды факторларының бірі болуға міндеттілігін айта кетті.