Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің компаниялары Беларусьте өз филиалдарын аша алады

ЕАЭО елдерінің компаниялары Беларусьте өз филиалдарын аша алады

04.03.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Одақ елдерінің заңды тұлғаларына Беларусьте өз филиалдарын ашуға мүмкіндік беру үшін ЕАЭО құқығын орындау қажеттігі туралы Беларусь Республикасына хабарлама білдіруге шешім қабылдады.

Беларусь Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шетелдік ұйымдар ел аумағында филиалдар құруға құқылы емес. Бұл тыйым Одақ мемлекеттерінің заңды тұлғаларының филиалдар құруына да қатысты.

Осы орайда, ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян атап көрсеткендей, ЕАЭО туралы шарт әрбір елді кез келген мүше мемлекеттің заңды тұлғаларын өз елінің заңды тұлғаларына ұсынылатын режимнен кем болмайтын қолайлы режиммен қамтамасыз етуге міндеттейді. Сондай-ақ Шартта Одақ елдері кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларына қатысты құрылу нысанына орай шектеулер енгізбеуге және қолданбауға тиіс екендігі айқындалған.

«Қазіргі уақытта Беларусьтен басқа Одақтың барлық елінде филиалдар ашуға болады», – деп нақтылады Гегам Варданян.

Отырыста сондай-ақ Беларусь Үкіметінің Азаматтық кодекске тиісті өзгерістерді қазірдің өзінде дайындап жатқаны атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша Беларуське республика аумағында Одақтың заңды тұлғаларының өз филиалдарын ашу мүмкіндігін қамтамасыз ету бөлігінде Қызметтер көрсету саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманы орындау қажеттігі туралы хабарлама білдірілсін деп шешілді.

 ​