Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің көліктік ведомстволарының басшылары бірлескен жұмыс мүмкіншіліктерін талқылады

ЕАЭО елдерінің көліктік ведомстволарының басшылары бірлескен жұмыс мүмкіншіліктерін талқылады

04.06.2019

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің көлігі аясындағы уәкілетті органдар басшылары Кеңесінің бірінші отырысы Сочиде (Ресейде) 1 маусымда өтті. Кеңес басшысы, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиев кездесу қатысушыларын көліктік саясатты іске асыру бойынша «жол карталары» іс-шараларының жоспарларын 2018 жылы орындау қорытындылары туралы ақпараттандырды.
«Өткен жылдың міндеттері толық көлемде орындалды. 2019 жылы ЕЭК тараптармен бірлесіп Комиссияның 16 сараптамалық баяндамасын және 12 актісін дайындау қажет», - деп атап өтті Эмиль Кайкиев.
Көліктік қызметтің салалық басымдылықтары ең жақын келешекке құрылған және барлық бағыт бойынша жұмысты қозғайды.
Осылайша, авиацияда әуе қатынастарын кеңейту, тағайындалған әуежайлар, бағдарлар, тасымалдаушылар, сыйымдылықтар бойынша шектеулерді алу, сондай-ақ тең құқықты жағдайларды және транзитке, аэронавигациялық және әуежайлық қызмет көрсетуге рұқсатты қамтамасыз ету алда тұр.
Автомобиль көлігінде жүктерді тасымалдауды кейінгі либерализациялау, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырудың келісілген тәсілдерін өндіру, автокөліктік құралдардың салмақтық және габариттік параметрлеріне қойылатын талаптарды үйлестіру жоспарланып отыр.
Темір жол көлігінің саласында темір жол көлігімен тасымалдау кезінде ақпараттық алмасуды енгізу, процестер мен технологияларды цифрландыру, сондай-ақ тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша жұмыс алда тұр. Үшінші елдермен халықаралық тасымалдау тауарлары мен көліктік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру туралы халықаралық шарт жобасын дайындау жоспарлануда.
Су көлігінде кемелердің ішкі су жолдары арқылы өту тәртібін жетілдіру, кадрларды дайындау заңнамасы мен бағдарламаларды үйлестіру бағытын анықтау белгіленген.
2019 жылғы 1 ақпанда қол қойылған кеме қатынасы туралы Келісімге ерекше назар аудару қажет. «Бүгінгі күні Келісім тараптарда әлі де күшіне ену рәсімдерінен өтуде, алайда қазірдің өзінде күшіне ену сәтіне келісімді іске асыруды кешіктірмеу үшін, оны іске асыру үшін қажетті құжаттарды дайындау бойынша жұмысқа кіріскен жөн», – деді ЕЭК министрі.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарт ережелерін жетілдіру туралы мәселені талқылау барысында министрлер ЕАЭО сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібіне өзгертулер енгізу бойынша жұмысты ЕАЭО елдерінің аумағы бойынша тауарлардың орын ауыстыруын қадағалауды қамтамасыз ету бойынша шаралармен үйлестіру қажет екендігі туралы шоғырландырылған пікірін айтты.
Сондай-ақ, Эмиль Кайкиев министрлердің назарын ортақ интеграциялық жұмыс мәселелеріне, атап айтқанда ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді кейінгі дамыту туралы Декларация шеңберіндегі стратегиялық бағыттар жобасын әзірлеуге аударды. «Декларацияға ЕАЭО көліктік-логистикалық әлеуетін қамтамасыз ету мәселелері қосылған және оларды жылжыту үшін біздің, мемлекеттер басшыларының, алдымызға қойылған басты өр мақсатты негізге алуға: ЕАЭО шеңберінде көліктің барлық түрімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде бар шектеулерді 2025 жылға дейін алып тастау бойынша шара қолдануға тиіспіз», – деді ЕЭК министрі.
Министрлер көлік саласында интеграциялық процестерді тереңдету бойынша бағыттар көліктік саясатты іске асырудың келесі үш жылдық кезеңінің «жол карталары» жобаларын дайындау кезінде пысықталатын болады деген пікірін айтты.