Жүйеге кіру
Михаил Черекаев ЕЭК-тің Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Михаил Черекаев ЕЭК-тің Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

SDI_8748.jpg
04.06.2020

Михаил Васильевич Черекаев 1981 жылғы 20 қазанда туған. Ресей Федерациясы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясын «Шет тілін білетін экономист» мамандығы бойынша бітірген.

 2003 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінде жұмыс істеп, 1 санатты маманнан бөлім бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. Техникалық реттеу, сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерімен айналысты, сауда келіссөздеріне, соның ішінде ДСҰ-ға қосылу жөніндегі келіссөздерге қатысты.

 2014-2016 жылдары «Сыртқы сауда қызметі мәселелері ақпараттық-талдамалы орталығы» АКҰ директорының сауда саясаты жөніндегі орынбасары болды.

 2016 жылдан бастап Ресей Федерациясы Үкіметінің Аппаратында әртүрлі лауазымда еңбек етті. «Халықаралық кооперация және экспорт» ұлттық жобасын іске асыруды үйлестірді.

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

 Анықтама

 Лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеуді ЕЭК-тің конкурстық комиссиясы тараптардың тең өкілдігі қағидатын ескере отырып жүргізеді.

 

Лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктейтін ЕЭК-тің конкурстық комиссиясы құрамына Комиссия Алқасы Төрағасын қоспағанда, Комиссия Алқасының барлық мүшесі кіреді. ЕЭК-тің конкурстық комиссиясы өз шешімдерін көпшілік дауыспен ұсыным түрінде қабылдайды және оны Комиссия Алқасының Төрағасына бекітуге ұсынады.​