Жүйеге кіру
Интеграция және макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша министр Татьяна Валовая Еуразиялық экономикалық комиссия мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға қатысты

Интеграция және макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша министр Татьяна Валовая Еуразиялық экономикалық комиссия мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға қатысты

04.07.2013

Еуразиялық экономикалық комиссия (Валовая Т.Д.) және Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Мемлекетаралық статистикалық комитеті (Соколин В.Л.) арасында Статистика мәселелері жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Еуростат, БҰҰ ЕЭК және Еуропалық еркін сауда қауымдастығы (EFTA) бірлесіп ұйымдастырған, «Ғаламдық бағалау және жеңілдетілген бағалау – нәтижелері және одан арғы қадамдар» Оңтүстік және Шығыс Еуропа, Кавказ, Орта Азия және Жерорта теңізінің елдеріне арналған жоғары деңгейдегі семинарға қатысуы (Борушко Е.В.) (Украина, Алушта қ.) Толығырақ

Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің екінші отырысы. Толығырақ

БҰҰ Статистикалық комиссиясының 44-ші сессия жұмысына қатысуы (Шокаманов Ю.К., Борушко Е.В.) (АҚШ, Нью-Йорк қ.) Толығырақ

ЕЭК делегациясының (Шокаманов Ю.К., Борушко Е.В., Касьянов В.О.) Еуростаттың басшысы және жауапты қызметкерлермен жұмыс бабымен кездесуі. Толығырақ

Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің алғашқы отырысы. Толығырақ

ЕЭК делегациясының (Шокаманов Ю.К., Оганова В.Д., Пантелеев А.А.) Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымының Шетел инвестицияларының статистикасы жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысуы (ОЭСР) (Франция, Париж қ.) Толығырақ

Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттерінің сарапшыларымен сыртқы сауда статистикасы және өзара сауда статистикасы мәселелері бойынша жиналысы. Толығырақ

Еуразиялық экономикалық комиссияның тұсаукесеріне қатысуы (Долгополов П.И.) (Бельгия, Брюссель қ.). Толығырақ

Статистика мәселелері жөніндегі жиналыс. Толығырақ

Статистика жөніндегі консультативтік комитет

Комитет туралы ереже /

Комитеттің құрамы

Комитеттің негізгі міндеті – Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен консультация жүргізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияға статистика саласында шешім қабылдау үшін ұсынымдар жасау.

 

Статистика жөніндегі консультативтік комитет 2012 жылдың 16 тамызындағы № 129 Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен құрылған

Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің төрағасы Ықпалдастықтың негізгі бағыттары және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Валовая Татьяна Дмитриевна болып табылады.

Алғашқы отырыс 2012 жылдың 1 және 2 қараша аралығында өтті. Толығырақ

Екінші отырыс 2013 жылдың 4 наурызында өтті. Толығырақ

Үшінші отырыс 2013 жылдың қазан айына жоспарланған.

 

Комитеттің жұмыс органдары:

Сыртқы және өзара сауда статистикасы жөніндегі

Экономикалық статистика жөніндегі

Қаржылық статистика жөніндегі қосалқы комитеттер болып табылады.

Сыртқы және өзара сауда статистикасы жөніндегі қосалқы комитет

Алғашқы отырыс 2012 жылдың 14 желтоқсанында өтті. Толығырақ

Екінші отырыс 2013 жылдың 7 ақпанында бейнеконференция тәртібінде өтті.

Толығырақ

Үшінші отырыс 2013 жылдың 27 қыркүйегіне жоспарланған.

Толығырақ

 

Экономикалық статистика жөніндегі қосалқы комитет

Алғашқы отырыс 2013 жылдың 8 ақпанында өтті. Толығырақ

Екінші отырыс 2013 жылдың 19 сәуірінде өтті. Толығырақ

 

Үшінші отырыс 2013 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Толығырақ

Қаржылық статистика жөніндегі қосалқы комитет

Алғашқы отырыс 2013 жылдың 25 сәуірінде өтті.

Толығырақ

Екінші отырыс 2013 жылдың 22 тамызына жоспарланған. Толығырақ

Үшінші отырыс 2013 жылдың 25 қазанына жоспарланған.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

 

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының 2012 ж. 25 қыркүйегіндегі № 281 бұйрығымен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылға және 2013-2014 жылдардың жоспарлы кезеңіне арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарында (бұдан әрі – ҒЗЖ жоспары) Статистика департаментімен төрт ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі қарастырылған.

Статистика департаментінің ҒЗЖ жоспарына сәйкес үш конкурс өткізілген.

1. «Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесіндегі айырмашылықтарды зерттеу және Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттерінде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді қалыптастырудың бірыңғай әдістемесіне өту бойынша ұсынымдар жасау» тақырыбы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның қажеттілігі үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға ашық конкурс  2013 жылдың 15 сәуірінде өткізілген.

 

Жұмыстың мақсаты – макроэкономикалық статистика бөлімінде Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістіктің (бұдан әрі – КО және БЭК) мүше-мемлекеттерінің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастырудың бірыңғай әдістемесіне өту бойынша ұсынымдар  жасау және статистикалық көрсеткіштерді қалыптастырудың ұлттық әдістемелерінің жүйелі айырмашылықтар тізімін жасау болып табылады.

Халықаралық ұсынымдар есебімен жасап шығарылған, макрокөрсеткіштерді қалыптастырудың үйлестірілген әдістемесін алу ықпалдастыру үрдістерін дамытудың салыстырмалы сипатын және халықаралық салыстырулар аясында олардың аса нақты талдауын алу мүмкіндігін береді.

 

 

Конкурстың жеңімпазы болып «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті» жоғары кәсіптік білім берудің федералды мемлекеттік дербес білім беру мекемесі танылды. Жұмыс 2013 жылдың соңына дейін аяқталады.

 

2. «Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттері үшін бірыңғай статистикалық жіктеулерді қалыптастыру бойынша әдістемелік және тәжірибелік ұсынымдар жасау» тақырыбы бойынша ҒЗЖ орындауға екі кезеңді ашық конкурс 2013 жылдың 22 ақпанында өткізілді.

 

Жұмыстың мақсаты КО және БЭК мүше-мемлекеттерінің ұлттық статистикалық тәжірибесінде қолданылатын жіктеулердің халықаралық аналогтармен үйлесімділік дәрежесін анықтау және КО мен БЭК мүше-мемлекеттері үшін бірыңғай статистикалық жіктегіштерді енгізу және тәжірибелік пайдалану бойынша бірыңғай әдістемелік шешімдерді жасап шығару болып табылады.  Бұл экономикалық қызмет түрлері және өнім мен қызметтер жіктегішіне қатысты болады.

 

 

 Конкурстың жеңімпазы болып «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті» жоғары кәсіптік білім берудің федералды мемлекеттік дербес білім беру мекемесі танылды. Жұмыс 2013 жылдың соңына дейін аяқталады. Жұмыс екі кезеңмен орындалады және 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталады.

3. «Әдістемелік негіздер жасау және ірілендірілген тауар топтары бойынша (инвестициялық, аралықтық және тұтынушылық) Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттерінің сыртқы және өзара сауданың жалпыланған көрсеткіштерін есептеу үшін статистикалық жіктегіштерді құру» тақырыбы бойынша ҒЗЖ орындауға ашық конкурс 2013 жылдың 18 маусымында өткізілді.

 

Жұмыстың мақсаты тауар топтары бойынша олардың тағайындалуына байланысты КО және БЭК мүше-мемлекеттерінің сыртқы және өзара саудасының жалпыланған көрсеткіштерін есептеу мүмкіндігін беретін, КО СЭҚ ТН негізінде статистикалық жіктегіштер құру болып табылады.

Жіктегішті пайдалану КО және БЭК мүше-мемлекеттерінің сыртқы сауда қызметіне, соның ішінде өнеркәсіп өндірісі көрсеткіштерімен өзара байланыста терең талдау жүргізу мүмкіндігін береді.

 

Конкурстың жеңімпазы болып «Белоруссиялық мемлекеттік экономикалық университет» білім беру мекемесі танылды. Жұмыс аяқталуы 2013 жылдың қазан айына жоспарланған.

 

Бұдан басқа, 2013 жылдың 9 шілдесінде «Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттеріндегі өзара сауда статистикасының деректерін жинау және өңдеу жүйелерін зерттеу, халықаралық тәжірибені (соның ішінде Еуропалық Одақ елдерінің) ескере отырып, оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау» тақырыбы бойынша ҒЗЖ орындауға ашық конкурс жарияланған.

Жұмыстың мақсаты КО және БЭК мүше-мемлекеттеріндегі өзара сауда статистикасының деректерін жинау және өңдеу жүйелерін зерттеу, оларды үйлестіру және жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау болып табылады.​