Жүйеге кіру
ЕЭК-те Қаржы саясаты департаментінің жаңа директоры міндеттерін атқаруға кірісті

ЕЭК-те Қаржы саясаты департаментінің жаңа директоры міндеттерін атқаруға кірісті

04.10.2016

Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) Қаржы саясаты департаментінің жаңа директоры қызметтік міндеттерін атқаруға кірісті. Бұл лауазымға Армения Республикасының Үкіметі ұсынған Тигран Давтян тағайындалды.

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыруға жәрдемдесуді Тигран Давтян Департамент басшысы лауазымындағы өз жұмысының басты басымдығы деп атап отыр«Бүгінде бұл - негізгі міндет, соның шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ елдерімен бірлесе отырып, қаржы саласындағы нормативтік базаны үндестіру жөніндегі жұмысты, Одақ елдерінің қаржы нарықтарын дамытудың негізгі бағыттары бойынша келісімдер жобаларының дайындалуын жүргізіп отыр».

Негізгі міндеттердің арасында Департаменттің жаңа директоры сонымен қатар «келісілген макроэкономикалық саясат жүргізуді және валюта-қаржы саласындағы үйлестіруді, ұлттық валюталарда есептесулерді көбейте отырып, шетелдік валюталарда есептесулерді барынша азайтуды және долларсыздандыруды айтып, осының бәрі олардың нығаюына септігін тигізетін болады», деп атап өтті. Бұл бағытта белгілі бір табыстарға қол жеткізілді. Мәселен, 2010 жылмен салыстырғанда, Армения мен Ресей арасындағы есептесулерде доллармен жасалатын операциялар үлесі анағұрлым азайды әрі бүгінде мәмілелердің шамамен 40 пайызы рубльмен жүзеге асырылуда, - деп баса айтты Давтян.

Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі қаржы саласында интеграция мен үндестіру азаматтар мен бизнестің мүдделеріне орай жүргізіліп отырғанын атап айтты Тигран Давтян. Нәтижесінде бұл халықтың жинақ қаражатын неғұрлым тиімді түрде инвестицияларға айналдыруға, қолжетімді қаржылық тетіктер спектрін кеңейте түсуге, «ұзын» кредиттік ресурстарға рұқсат алуға мүмкіндік береді. Осының бәрі бірге Одақтағы елдердің экономикасында қаржылық тұрақтылықтың қалыптасуына және сыртқы күйзелістерге қарсы тұру мүмкіндігіне ықпал етеді.

ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің жаңа басшысы айтып өткендей, алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін «біздің елдеріміздегі барлық реттеушілермен, қаржылық институттармен, бизнес-қоғамдастықтармен және барлық мүдделі кәсіби қатысушылармен мемлекетаралық деңгейде белсенді әрі жемісті іс-қимыл жасау қажет. Және біз, әлбетте, сындарлы диалогқа ашықпыз».

Тигран Давтян  1970 жылы Сисианда (Армения) туған. 1993 жылы Ереван мемлекеттік университетін бітірген. Білімі бойынша мамандығы – экономист-математик. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Ресей-Армян университетінің Экономика және қаржы институтының доценті болып табылады.

1991 жылдан бастап 1994 жыл аралығында инвестициялық компанияны басқарған. 1994 бастап 1998 жылға дейін Арменияның Орталық банкінде түрлі басшылық лауазымдарда қызмет еткен. 1998-1999 жылдар ішінде Армения Республикасы Премьер-Министрінің Әкімшілігінде жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап 2002 жыл аралығында «Арменияның Орталық Депозитарийі» ЖАҚ-ның бас директоры, басқарма төрағасы болған. 2002 жылдан бастап 2008 жылға дейін коммерциялық, халықаралық және мемлекеттік компаниялардың басшысы болып қызмет атқарған. 2008 жылдан бастап 2016 жылдар аралығында «Конверс Банк» ЖАҚ атқарушы директорының орынбасары, сосын атқарушы директоры және Басқарма төрағасы болған.