Жүйеге кіру
Тимур Жақсылықов: «Қаржылық қызметтер көрсету тұтынушыларының құқықтары тиімді қорғалмаса, ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығының жұмыс істеуі мүмкін емес»

Тимур Жақсылықов: «Қаржылық қызметтер көрсету тұтынушыларының құқықтары тиімді қорғалмаса, ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығының жұмыс істеуі мүмкін емес»

04.10.2019

Қаржылық қызметтер көрсету тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі IV халықаралық конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов қаржылық қызметтер көрсету қағидаларын жақсарту үшін қаржы саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы мәлімдеді. Конференция 3 қазанда «Сбербанк» ЖарАҚ конференц-залында болып өтті.

ЕЭК министрі конференцияға қатысушыларды Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекіткені туралы хабардар етті. Бұл Одақтың реттеушілері Комиссиямен бірге екі жыл бойы жұмыс істеген негіз қалаушы құжат.

«Құжат Одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың, реттеуді үндестірудің, реттеушілердің тиімді әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз етудің, қаржылық қызметтерді көрсетуді жеткізушілердің бір-біріне нарығын қол жеткізуінің мерзімін, мақсаты мен міндетін айқындайды», – деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

Ол тұтынушылар құқықтарын тиімді қорғау міндеті бұрынғыдан да өзекті бола түскенін қоса айтып өтті. Қаржылық қызметтер көрсету тұтынушылары мен жеткізушілерінің, соның ішінде ортақ қаржы нарығын мемлекеттік реттеу ерекшеліктері туралы, ортақ нарық шеңберіндегі инвестициялық өнімдер туралы хабардарлық деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасау маңызды.

«Қаржылық қызметтер көрсету қағидаларын жақсарту үшін қаржылық салада заңнаманы жетілдіру, филиалдардың міндеттемелері бойынша салымдар мен төлемдерге кепілдік беруге, сондай-ақ бизнес жүргізуді оңайлатуға баса назар аудару қажет, – деп мәлімдеді Тимур Жақсылықов. – Тұтынушылар құқықтарын қорғау қаржылық сауаттылықты арттыруға жәрдемдесу және қаржылық пирамидалар мен өзге де қаржылық алаяқтық нысандары қызметінің жолын кесу сияқты маңызды құраушыларсыз мүмкін болмайды».

Конференцияға ЕАЭО елдері қаржы реттеушілерінің, орталық және ұлттық банктерінің, Қытайдың инвесторлардың құқықтарын қорғау қорының, сондай-ақ басқа да халықаралық өтемақылық жүйелері, қаржылық омбудсмендер, инвесторлар өкілдері қатысты. 

 

Анықтама

Қаржылық қызметтер көрсету тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі «Қаржылық қауіпсіздік аумағы» халықаралық конференциясы – инвесторлар мен қаржылық қызметтер көрсету тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасуға арналған халықаралық алаң. Конференцияның ұйымдастырушылары - Федералдық салымшылар мен акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық-мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК).