Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінде Одақтың бес жылдығына арналған ескерткіш монеталар шығарылды

ЕАЭО елдерінде Одақтың бес жылдығына арналған ескерткіш монеталар шығарылды

IMG_3382.jpg
04.10.2019

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері ЕАЭО-ның бес жылдығына арналған ескерткіш күміс монеталар шығарды.

Дизайнерлер жасаған монетаның көркем образдарының негізіне Еуразия халықтарының тарихи ортақтастық және ғасырлық достық пен тату көршілік идеясы, Одақ елдерінің экономикалық өсуі мен дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашқан Еуразиялық экономикалық интеграцияның маңызы алынған.

Монеталар 1 қазанда Ереванда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы шеңберінде ресми ұсынылды.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) тарапынан ескерткіш күміс монеталар шығару жөніндегі жобаны іске асыруға ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Сергей Шухно басшылық жасады. Ұйымдастыру және шығармашылық жұмысына ЕЭК Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары Гоар Барсегян жетекшілік жасады.