Жүйеге кіру
Александр Субботин Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Александр Субботин Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

04.10.2019

3 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботиннің Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры (ЕТДҚ) Жобалық блогы атқарушы директорының міндетін атқарушы Андрей Широковпен кездесуі болып өтті.

Кездесуге қатысушылар 2018 жылғы 6 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің басшылары қол қойған Интеграциялық процестерді дамыту туралы декларацияның негізгі ережелеріне сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік салада интеграциялық процестерді дамыту мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, ЕЭК алаңында ауыл шаруашлығының проблемалық ішкі салаларын дамытуды мемлекеттік қолдау саласындағы жобаларды әзірлеу ұсынысы айтылды. Мұндай жобаларды қаржыландыруды азық-түлік қауіпсіздігін гранттық қолдау шеңберінде ЕТДҚ-пен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақтың жекелеген елдері жүзеге асыра алады.

Александр Субботин ЕЭК пен ЕТДҚ өз қызметінде ортақ мақсатты көздейді деп атап өтті. «Мүше мемлекеттер экономикасының интеграциясының тереңдеуіне жәрдемдесу және күш-жігерді біріктіру ЕАЭО шеңберіндегі кооперацияны ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың ортақ шараларын іске асыру арқылы жаңа сапалық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді», – деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Анықтама

Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын (ЕТДҚ) Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан үкіметтері 2009 жылғы 9 маусымда құрды. ЕТДҚ мақсаттары – қатысушы елдерге жаһандық қаржы дағдарысы салдарын еңсеруге, олардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу және өңірдегі экономикалық интеграцияға жәрдемдесу. Қордың мөлшері - 8,513 млрд АҚШ доллары.