Жүйеге кіру
ЕЭК-тің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының сарапшылары Брянск кәсіпкерлерімен кездесті

ЕЭК-тің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының сарапшылары Брянск кәсіпкерлерімен кездесті

04.10.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының Қоғамдық қабылдауы қазанда Ресейде өткізуді жоспарлаған жеті отырысының алғашқысы Брянскіде бастау алды. Таяу уақытта Комиссия сарапшылары ресейлік бизнесшілермен Смоленскіде, Омбыда, Новосібірде, Екатеринбургте, Орынборда және Самарада кездеседі.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) нарығына тауарларды ілгерілету жолындағы тосқауылдар мен қиындықтарды анықтау.

 

Брянскідегі іс-шараның қатысушылары бизнестің және мемлекеттік органдардың өкілдері болды.

 

ЕЭК сарапшылары жиналғандарды Комиссияның бәсекелестікті қорғау жөніндегі қызметімен, бәсекелестік қағидаларының бұзылғаны туралы арыздарға қойылатын талаптарды қоса, ЕАЭО туралы шарт нормаларымен таныстырды.

 

Кәсіпкерлердің сұрағы логистика проблемаларына, тексеру пункттерінде бақылауды жүзеге асырған кезде Армениядан Ресейге және Қазақстанға жөнелтілетін тез бұзылғыш тамақ өнімдерінің негізсіз кідіртілуіне байланысты болды.

 

Кондитер бұйымдарын шығарушылардың бірі Ресей мен Беларусь трансшекаралық нарығында бәсекелестік қағидаларының бұзылуы фактісінің мүмкіндігі туралы хабарлады.

 

Айтылған барлық сұрақ бойынша кәсіпкерлер әрі қарай қарау үшін Комиссияға өтініш дайындайды.

 

Отырыстың екінші бөлігінде ЕЭК сарапшылары кәсіпкерлермен жеке консультациялар өткізді.

 

ЕЭК өкілдері бизнесті өз құқықтарын қорғау үшін Комиссияның ресурстары мен әлеуетін пайдалануға шақырды.