Жүйеге кіру
Смоленскіде Қоғамдық қабылдауға қатысушылар ЕАЭО-ның трансшекаралық нарықтарындағы сауданың кедергілерін талқылады

Смоленскіде Қоғамдық қабылдауға қатысушылар ЕАЭО-ның трансшекаралық нарықтарындағы сауданың кедергілерін талқылады

04.10.2019

ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының Қоғамдық қабылдауы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) сарапшылары мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) бизнесінің өкілдері 3 қазанда Смоленскіде трансшекаралық нарықтарда жұмыс істеу кезіндегі саудадағы тосқауылдар мен кәсіпкерлердің басқа да қиындықтарын талқылады.

Беларусь Республикасына экспорт проблемаларының бірін ресейлік нан-тоқаш бұйымдарын өндірушілер айтты. Олардың сөзінше, республика аумағында өндірген өнімді әкелудің бірқатар шектеулері бар. Қатысушылар сондай-ақ Ресей аумағында белорус сүт өнімдерін өнірушілері тарапынан баға демпингіне шағым айтты.

 

Бұлардан басқа, жиналғандарды ЕАЭО елдерінің әлемнің басқа елдерімен жаңа еркін сауда аймаған құру мәселелері, сондай-ақ Ресей мен Беларусь арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану қызықтырды.

 

Отырыстың екінші бөлігінде ЕЭК сарапшылары кәсіпкерлермен жеке консультациялар өткізді

 

ЕЭК сарапшылары қазанда Ресейде кәсіпкерлермен бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын еске сала өткен жөн. Отырыстар Омбыда, Новосібірде (9 қазан), Екатеринбургте (10 қазан), Орынборда (17 қазан) және Самарада (18 қазан) болады.