Жүйеге кіру
ЕЭК қабылданған шешімдердің іс жүзіндегі әсерін бағалау жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелерін қарады

ЕЭК қабылданған шешімдердің іс жүзіндегі әсерін бағалау жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелерін қарады

04.10.2019

4 қазанда Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) жөніндегі жұмыс тобы Комиссия қабылдаған шешімдердің іс жүзіндегі әсерін бағалау (ІЖӘБ) жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелерін қарады. Отырыста кедендік реттеу және дәрілік заттардың айналысы саласындағы ЕЭК шешімдері жобаларының бизнес жүргізу жағдайларына әсері де бағаланды.

Атап айтқанда, ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсанда № 294 шешіміне ІЖӘБ туралы қорытынды келісілді, бұл үшінші елдерден Одаққа өнім әкелу кезінде техникалық реттеу шараларын сақтауды растау тәртібіне қатысты.

Қорытынды сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін артық талаптар мен міндеттерді жоюға бағытталған Одақ құқығын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

«Кәсіпкерлер тобының Одақтың құқықтарын жетілдіруге деген зор мүдделілігін көріп отырмыз. Барлық түскен ұсыныстар құжаттың жаңа редакциясын әзірлеу кезінде ескерілетін болады», – деп атап көрсетті Тимур Жақсылықов.

Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар ЕЭК Алқасының энергия ресурстарын кедендік декларациялау рәсімдерін бизнес үшін оңайлатуға бағдарланған шешімі жобасын қарады. Жобаны Ресей Федерациясы ұсынған және экспортты оның аумағынан оңайлатуға ғана қатысты.

Осымен бірге, жұмыс тобы осындай оңайлатуды пайдалану құқығын        Одақтың қалған елдерінің энергия ресурстары экспортының практикасы бар бизнесіне беру туралы мәселені пысықтауды ұсынды.

Сондай-ақ отырыста ЕЭК Алқасының экспресс-жүктер үшін тауарға арналған декларация толтыру тәртібін өзгерту, сондай-ақ осындай декларацияны түзетуді толтыру тәртібін белгілеу туралы шешімінің жобасын қарады. Құжат экспресс-жүктер үшін тауарға арналған декларацияда артық мәліметтерді алып тастауға және оны түзету тәртібін айқындауға мүкіндік береді.

Жұмыс тобының мүшелері аз байытылған уранға қатысты Кеден одағы Комиссиясы мен ЕЭК Кеңесінің шешімдеріне өзгерістер енгізу қажеттігімен келісті. Бұл Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі халықараралық агенттік (АЭХА) алдындағы халықаралық міндеттемелерін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Отырыста сондай-ақ ЕЭК Алқасының өткен өндірістік циклдар шеңберінде өндірілген дәрілік препараттардың қалдықтарынан өндірістік желілерді тазартудың бірыңғай тәсілдемелерін Одақтың ортақ фармацевтика нарығы шеңберінде қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шешімінің жобасын қарады.

Анықтама

РӘБ рәсімі екі кезеңнен тұрады: ағымдағы бағалау – ЕЭК шешімінің жобасын Одақ сайтында жария талқылау; қорытынды бағалау – ЕЭК-тің арнайы құрылған жұмыс тобының РӘБ туралы қорытынды дайындауы.

ЕЭК-тің қабылданған шешімдерінің ІЖӘБ жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу іс-шараларының жоспары ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 18 өкімімен бекітілген.​