Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің өкілдері зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жайындағы семинарға қатысты

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің өкілдері зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жайындағы семинарға қатысты

04.12.2012

2012 жылдың 29-30 қараша күндері Минск қаласында (Беларусь) «Зияткерлік меншіктің ұлттық жүйесі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы» аймақтық семинары болып өтті. Бұл іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті директорының орынбасары Самат Әлиев қатысты. Сонымен қатар, семинарға қатысушылардың арасында: Дүниежүзілік Зияткерлік меншік ұйымының өкілдері, Еуразиялық патент ведомствосы мен Ресейлік Зияткерлік меншік бойынша Мемлекеттік академияның өкілдері болды.

С.Әлиев Біртұтас экономикалық кеңістіктің аумағында зияткерлік меншік нарығын қалыптастыру ісіндегі ЕЭК рөлі туралы баяндамамен сөз сөйледі. Ол сонымен қатар, зияткерлік меншіктің ортақ нарығының құрылу келешегі туралы әңгімелеп берді. Семинарға қатысушылар ЕЭК бұл бағыттағы қызметті ұйымдастырудағы ұсынып отырған көзқарастарын қолдады.

Оған қоса, бұл іс-шарада ұжымдық негізде авторлық және сабақтас құқықтар мәселелері, олардың Интернет торабында қорғалу проблемалары сөз болды.