Жүйеге кіру
ЕЭК ортақ Еуразиялық әлеуметтік кеңістік қалыптастыруды ұсынады

ЕЭК ортақ Еуразиялық әлеуметтік кеңістік қалыптастыруды ұсынады

KMO_173816_00860_0s.jpg
04.12.2019

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін денсаулық сақтау және еңбекшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру ортақ Еуразиялық әлеуметтік кеңістікті қалыптастыруға және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа салаларын игеруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев Мәскеуде өткен «Еуразиялық экономикалық интеграция» халықаралық конференциясында мәлімдеді.

Асқар Кішкембаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт бірыңғай еңбек нарығын қалыптастыруды қамтамасыз еткенін атап өтті. Одақ елдерінің азаматтары кез келген мүше мемлекетте жұмыс істеу құқығына ие болды. Бұл ретте оларға ұлттық заңнамада көзделген ішкі еңбек нарықтарын қорғау жөніндегі шектеулер қолданылмайды.

ЕАЭО елдерінің еңбекшілеріне арналған преференциялардың едәуір бөлігі оларды жұмысқа орналасу мемлекетіндегі әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты. Мәселен, ана болуына байланысты, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайында міндетті сақтандыру көзделген. Жедел медициналық көмек еңбекшілерге және олардың отбасы мүшелеріне тегін көрсетіледі.

Одақ мемлекеттерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім әзірленді, оның мақсаты жұмысқа орналасу мемлекеттің азаматтары сияқты шарттарда және тәртіппен еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру, еңбекшілер зейнетақыларының тағайындалуына әрі экспортталуына байланысты мәселелерді шешу болып табылады.

Асқар Кішкембаев өз сөзін Одақ мемлекеттердің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр, бұл БҰҰ Орнықты даму саласындағы мақсаттары шеңберіндегі даму міндеттеріне сай келеді деп толықтырды.

«Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу, сапалы білім беру, орнықты даму мүддесіндегі әріптестік, гендерлік теңдік, сондай-ақ бейбітшілік, сот төрелігі мен тиімді институттар сияқты орнықты дамудың мұндай мақсаттарының көші-қонға және көші-қон процестерін реттеуге тікелей қатысы бар», – деді Асқар Кішкембаев.​