Жүйеге кіру
ЕЭК Перумен, Тынық мұхит альянсымен және Анд қоғамдастығымен ынтымақтастықты дамытуда

ЕЭК Перумен, Тынық мұхит альянсымен және Анд қоғамдастығымен ынтымақтастықты дамытуда

IMG-20191129-WA0011.jpg
04.12.2019

Лимада өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және балық аулау жөніндегі Ресей-Перу үкіметаралық аралас комиссиясының 6-шы отырысына қатысушылар Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Перу Республикасының Үкіметі арасындағы 2015 жылғы Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мәселелерін және 2020 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) деңгейінде экономиканың әртүрлі саласында берілген құзыретті ескере отырып, отырысқа қатысуға Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері шақырылды.

«ЕЭК пен Перу Республикасының Үкіметі диалог үшін құрылған инфрақұрылымды белсенді пайдалануда – 2016 жылғы сәуірде Лимада және 2019 жылғы наурызда Мәскеуде бірлескен жұмыс тобының отырыстары ұйымдастырылды, солардың шеңберінде іскер топтардың қатысуымен бизнес-форумдар өтті, – деді ЕЭК Интеграцияны дамыту департаменті халықаралық өзара іс-қимыл бөлімінің бастығы Дмитрий Ежов Үкіметаралық комиссия отырысында сөйлеген сөзінде. – Ынтымақтастықтың осы кезеңінде Одақ шеңберінде техникалық реттеу және кедендік әкімшілік жүргізу мәселелеріне дәстүрлі түрде көбірек назар аударылып отыр, бұл Комиссияның осы салалардағы кең өкілеттігімен түсіндіріледі».

2020 жылы салалық өзара іс-қимылды жандандыруға баса назар аудара отырып, ЕЭК мен Перудің өзара іс-қимылы, Лимадағы жұмыс тобының 3-ші отырысын ұйымдастыру мәселелері Перудің Сыртқы сауда министрлігі Солтүстік Америка және Еуропа департаментінің директоры Ванесса Риваспен және Перудің туризмді дамыту жөніндегі «ПРОМПЕРУ» агенттігінің сауда өкілдіктері желісін дамыту жөніндегі директоры Тереза Мерамен талқыланды.

2019 жылғы 5 шілдедегі Тынық мұхит альянсы туралы негіздемелік келісімге қатысушы мемлекеттер мен ЕЭК арасындағы әріптестік туралы декларацияны, сондай-ақ 2017 жылғы 23 наурыздағы ЕЭК пен Анд қоғамдастығы арасындағы меморандумды іске асыру мәселелері ҮАК отырысы шеңберіндегі кездесулердің жеке тақырыбы болды.

Атап айтқанда, Перу Сыртқы сауда министрлігі мен СІМ өкілдері ЕАЭО-ның барлық елдерімен тауар айналымын арттыру мүмкіндіктері туралы бизнесті хабардар ету үшін Тынық мұхит альянсінің алаңдарын барынша пайдалануды ұсынды. ЕЭК өкілін қабылдаған Анд қоғамдастығының Бас хатшысы Хорхе Гутьеррес Педрас ішкі нарықтардағы тосқауылдарды анықтау мен жоюды ескере отырып, интеграциялық құрылыстағы ЕЭК тәжірибесін одан әрі зерделеуге мүдделілігін атап көрсетті. Ол ЕЭК өкілдерін 2020 жылғы наурызда Эквадорда Анд қоғамдастығының іскер топтар бағыты бойынша іс-шараларына қатысуға шақырды.

«ЕЭК Перу қатысушысы болып табылатын Латын Америкасының интеграциялық бірлестіктерімен Комиссияның өзара іс-қимылының көпжақты форматтарын дамыту жөніндегі Перу тарапының күш-жігерін бағалайды және мұндай тәжірибе алмасу ЕАЭО-дағы 2025 жылға дейін Еуразиялық интеграцияны дамыту жоспарларын айқындау бойынша жұмыс тұрғысынан алғанда рекше маңызды», – деп түйіндеді Дмитрий Ежов.

Кездесу барысында әріптестер ЕАЭО аумағындағы түйінді экономикалық іс-шараларға, соның ішінде 2020 жылғы күзде Минскіде өтетін Еуразиялық халықаралық форум шеңберінде қатысуға қызығушылық танытты.​