Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Т. Сүлейменовтың Халықаралық көші-қон ұйымының ХКҰ Мәскеудегі өкілдігінің директоры З. Жигичпен кездесуі болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Т. Сүлейменовтың Халықаралық көші-қон ұйымының ХКҰ Мәскеудегі өкілдігінің директоры З. Жигичпен кездесуі болып өтті

05.04.2013
4 сәуір күні Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың Халықаралық көші-қон ұйымының ХКҰ Мәскеудегі өкілдігінің директоры Златко Жигичпен кездесуі болып өтті.
Келіссөздердің барысында 12 сәуірде Женева қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Министрі Т. Сүлейменовтың Халықаралық көші-қон ұйымының Бас директоры Уильямом Лейси Свингпен алдағы кездесуінің мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Тараптар Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен Халықаралық көші-қон ұйымының арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға ниетті.
Оның үстіне, сол Меморандумның іске асырылуы аясында ЕЭК пен ХКҰ арасындағы өзара тәжірибелік ықпалдастық құрудың ұйымдастырушылық аспектілері қаралды. Көші-қон жағдайына мониторинг жасап отыру және Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында көші-қон заңнамаларының қолданылуы тәжірибелері, сондай-ақ көші-қонды басқара білудің халықаралық тәжірибелерін зерттеу сияқты аспектілер Тараптардың ынтымақтастығының негізгі бағыттары ретінде таңдалды. Тараптар Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен Халықаралық көші-қон ұйымының арасында тығыз іскерлік байланыстар орнатылуы, көші-қон саласындағы перспективалы міндеттерді шешу тиімділіктерін жоғарылатуға мүмкіндік туғызбақ - деп белгіледі.

Анықтамалық ақпарат.
Халықаралық көші-қон ұйымы 1951 жылы құрылған, көші-қон саласындағы үкіметаралық жетекші мекеме болып табылады. ХКҰ құрамына (Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасын қоса санағанда) 146 мүше мемлекет еніп отыр. Тағы да 13 ел бақылаушылар мәртебесін иеленіп отыр (соның ішінде Ресей Федерациясы).