Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы қаржы саясаты мен техникалық реттеу саласындағы құжаттарды мақұлдады

ЕЭК Алқасы қаржы саясаты мен техникалық реттеу саласындағы құжаттарды мақұлдады

05.06.2013

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кезекті отырысында сауда, қаржы саясаты, техникалық реттеу салалары бойынша шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда, ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңесімен (МАК) стандарттау және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жобасын мақұлдады. Бұл құжат Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің техникалық реттеу, стандарттау және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету бөлігінде, халықаралық практикада қабылданған техникалық реттеу қағидаттарына көшу жағдайында аймақтық ұйымдар арасындағы байланысты нығайту, стандарттау мен өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласында ЕЭК мен МАК арасында ынтымақтастықты жетілдіру мақсатындағы Меморандумды жүзеге асыру мақсатында дайындалды. Меморандум жобасы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының стандарттау бойынша ұлттық органдарымен, сондай-ақ МАК-тан – Армения Республикасының Экономика министрлігі, Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі, Молдова Республикасының Экономика министрлігі, Украинаның Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілді.

Аталмыш Меморандумды жүзеге асыру Тараптардың халықаралық стандарттарын дайындау мәселелері бойынша өзара әрекеттестігін жетілдіруге, өнімнің техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) мақсатында халықаралық стандарттарды басымдық ретінде қолдануды қамтамасыз етуге, өлшемді біріктіруді қамтамасыз ету мәселелерінде өзара әрекеттестік жасауға, Кеден одағының мүшесі емес ТМД мүше елдерімен техникалық реттеу саласында ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердегі Қызмет көрсету мен инвестициялар туралы Келісіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы Біртұтас экономикалық кеңістіктегі қаржы нарығындағы қатысушы мемлекеттердің қызметін жүзеге асыру талаптары туралы Келісімді мақұлдады. Аталмыш құжат жобасы, атап айтқанда, қаржы нарығындағы қызмет көрсету секторында (банк қызметі, сақтау қызметі, бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету) қызмет көрсету түрлеріне лицензия беру талаптары мен шарттары шеңберінде Тараптардың ұлттық заңнамаларын үйлестіру тәртібі мен бағыттарын қарайды, және Кеден одағы елдерінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін анықтайды. ЕЭК Алқасы мақұлдаған Келісім мемлекет ішілік келісімге жіберілді. Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыру талаптары туралы Келісімге қол қою мерзімі – 2013 жылдың 31 желтоқсаны.