Жүйеге кіру
ЕЭК және Африка одағы ынтымақтастықты дамытады

ЕЭК және Африка одағы ынтымақтастықты дамытады

05.06.2019

Бұл туралы ЕЭК штаб-пәтерінде 3 маусымда өткен «Еуразиялық экономикалық одақ-Африка: экономикалық интеграция екі өңірдің даму факторы мен олардың арасындағы диалог ретінде» өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая.

Конференцияға Ресейдегі Африканың 35-тен астам елшілігінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ сараптамалық және іскерлік қауымдастықтық өкілдері - барлығы 100-ден астам адам қатысты.

Татьяна Валовая конференцияны аша отыра, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің алдында Африка континентімен ынтымақтастықты кейінгі тереңдету және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан да жоғары көрсеткіштеріне шығу үшін жағдай жасау міндеті тұрғанын атап өтті.

«Соңғы сегіз жылдың ішінде ЕАЭО-ның Африка мемлекеттерімен тауар айналымы 2,7 есе өсті және 2018 жыл қорытындылары бойынша 21,7 млрд АҚШ долл. құрады. Африка одағы ЕАЭО-мен сауда көлемі бойынша қазірдің өзінде Америка Құрама Штаттарынан озып отыр. Бұл біздің сауда-экономикалық ынтымақтастығымыздың динамикасын жақсы көрсетеді, – деп атап өтті ЕЭК министрі. – ЕАЭО-ның Африка елдеріне экспортының 80%-дан астамы бес елге тура келеді: Алжир, Мысыр, Марокко, Нигерия және Тунис. Бұл ретте барлық елдің бірыңғай нарығына шығу үшін мүмкіндік болса да, Африка елдері Ресеймен көбірек сауда жасайды. Бізге географияны кеңейту керек».

Татьяна Валовая Ресей Президенті Владимир Путин ЕЭК-ті қазан айында Сочиде өтетін Ресей-Африка саммитіне қатысуға шақырғанын және ЕЭК пен Африка одағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ниетін қолдағанын айтты.

Африка елдерінің Ресейдегі елшілері ынтымақтастықты кеңейтудегі мүдделілігін атап өтті. Атап айтқанда, Камерун Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Африкалық дипломатиялық корпустың дуайені Махамат Паба Салэ Африка елдері үшін ЕАЭО ұсынатын мүмкіндіктерді максималды пайдалану маңызды деп мәлімдеді.

«Біз көріп отырған ынтымақтастық үлгілері біздің қарым-қатынастарымызды формальдау қажет екенін көрсетіп отыр. Біз үшін айтарлықтай жарайтын жұмыс үлгісін жасау қажет. ЕАЭО Африкаға ортақ кеңістікке интеграциялануға мүмкіндік беруі үшін, біз дамытатын келісімдер керек», – деді Махамат Паба Салэ.

Конференция қатысушылары екі бірлестік шеңберіндегі бизнес-диалогтың дамуына және өзара әрекеттесудің перспективалық бағыттарына көп көңіл бөлді. «Африканың іскерлік бастамасы» одағы басқармасының төрайымы Наталия Цайзер атап өткендей, Ресейге Африка континентімен тауар айналымының 94%-ы тура келетініне қарамастан, Одақтың басқа елдері де Африкамен өзара әрекеттесу шеңберінде айтарлықтай елеулі болып келеді.

«Беларусь Республикасының Африкаға экспорты соңғы сегіз жылдың ішінде 1,5 есе өсті, Қазақстан Республикасының – 2,4 есе, яғни ЕАЭО-да Африка елдерімен интеграциялық өзара әрекеттесуге қызығушылық артып келеді. Африкалық мемлекеттер өз тарапынан Еуразиялық экономикалық одақ аумағында өндірілетін өнімге, тауарлар мен қызметтерді іске асыру мүмкіндігіне, бастысы - технологиялар мен адами капиталға деген айтарлықтай тұрақты қызығушылықты көрсетіп отыр», –деп атап өтті Наталия Цайзер.

ЕЭК-тегі конференция Африкалық тақырыппен байланысты басқа ірі іс-шаралар мәнмәтінінде өтті. 6-8 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форум шеңберінде Ресей-Африка бизнес-диалогы өтеді, шілденің басында – Ресей-Африка парламентаралық конференция, ал 23-24 қазанда – Ресей-Африка саммиті және бизнес-форумы.

ЕАЭО елдері мен Африка континентінің өзара тиімді ынтымақтастығына деген қызығушылық екі жақты. Қазір ЕАЭО Мысырмен еркін сауда туралы келісім жасау бойынша бірлескен жұмыс жүргізіп отыр, ЕЭК және Марокко Патшалығы Үкіметінің арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Конференция барысында пікір-таласқа РҒА Африка институтының директоры, РҒА Президиумының мүшесі, РҒА кореспондент-мүшесі Ирина Абрамова, Ресей ШІМ Африка департаментінің директоры Андрей Кемарский, Ресейдің Нигериямен, Судан және ОАР-мен іскерлік кеңестердің, Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай елдерімен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің басшылары, сондай-ақ Африкамен диалогты дамытуға бағдарланған бизнес өкілдері қатысты.