Жүйеге кіру
8 тамызда Қырғызстанда бильярд спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында «Еркін пирамида» әлем чемпионаты басталады

8 тамызда Қырғызстанда бильярд спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында «Еркін пирамида» әлем чемпионаты басталады

бильярд.png
05.08.2019

8 тамыз күні сағат 10.00.-де Чолпон-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы), Ыстықкөл жағасында ерлер мен әйелдер арасында бильярд спорты бойынша немесе жиірек аталуындағы «американка» бойынша «Еркін пирамида - 2019» әлем чемпионаты басталады. 

Іс-шара құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кіретін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына және Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына орайластырылған. Чемпионатты Қырғыз Республикасы Үкіметінің жәрдемдесуімен Халықаралық пирамида конфедерациясы, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ұйымдастыруда.
Ашылу рәсіміне Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің вице-премьерлері, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, сондай-ақ Халықаралық пирамида конфедерациясының президенті, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Павел Завальный қатысады.
Чемпионат 2019 жылғы 14 тамызға дейін созылады. ЕАЭО-ның мерекелік күндерін тойлау шеңберінде чемпионат өткізу бастамасы ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянға тиесілі, бұл бастаманы Халықаралық пирамида конфедерациясының президенті де толық қолдады. Чемпионат вице-премьерлердің қатысуымен өтетін ЕЭК Кеңесінің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстары қарсаңында бастау алады.
Әлемнің 20-дан астам елінің спортшылары қатысады деп күтілуде. Жарыстар барысында әлем чемпионы және «американка» бойынша күшті ойыншылар анықталатын болады.
Еркін пирамида бойынша қазіргі әлем чемпионы Сергей Крыжановский планетадағы күшті ойыншылардың бірі болып табылады, ол - ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет болып табылатын Молдова Республикасының спортшысы. Бұл пән бойынша әлем чемпиондарын ресми есепке алу 2000 жылдан бері жүргізіледі. Спорттың осы түрінен бірінші әлем чемпионы – орыс бильярдында аңызға айналған Евгений Сталев.
Журналистерді бильярд спорты бойынша «Еркін пирамида – 2019» әлем чемпионатының ашылу рәсімін және жарыстарды жазып көрсетуге қатысуға шақырамыз.
Турнир Чолпон-Ата қаласындағы «Газпром» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді. Журналистердің журналистік куәлігі өздерімен бірге болуын сұраймыз.
Іс-шараға аккредиттеу 7 тамыздағы 14.00 сағатқа дейін ашық.
БАҚ аккредиттеу үшін байланысу: ЕЭК Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің баспасөз қызметі бөлімінің қызметкері Сергей Цыплёнков, е-mail: tsyplenkov@eecommission.org, тел. + 7 (495) 669-24-00, қос. 41-49.