Жүйеге кіру
ЕЭК пен Аргентинаның аграрлық индустрия жөніндегі үкіметтік хатшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ЕЭК пен Аргентинаның аграрлық индустрия жөніндегі үкіметтік хатшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

E7C450E5-B3B9-45A5-843E-88EAB42DD3DE.jpg
05.08.2019

Буэнос-Айрестегі (Аргентина) жұмыс кездесуі шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ө-неркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин мен Аргентина Республикасы Өндіріс және еңбек министрлігінің аграрлық индустрия жөніндегі үкіметтік хатшысы Луис Мигель Этчевеэре  Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
 
Құжат өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, технологиялар трансфері мен АӨК-ке инвестицияларды қоса, бірқатар бағыттар бойынша өзара іс-қимылды көздейді.

Александр Субботин Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Аргентина арасында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу тәжірибесімен, ауыл шаруашылығы ғылымы саласындағы жетістіктермен, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ең жаңа әзірлемелерімен және технологияларымен алмасудың маңызын атап көрсетті, экологиялық егін шаруашылығын дамыту перспективаларын қозғады. Ол өзара сауда кезінде ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар қолдану саласында нақты үйлестірудің қажет екендігін де атап өтті. ЕЭК министрі Комиссия мен Үкіметтік хатшылықтың бірлескен жұмысы меморандум тараптары арасында агроөнеркәсіптік кешенде тиімді өзара пайдалы байланысулар орнату үшін де, сол сияқты ЕАЭО ішінде интеграциялық процестерді ынталандыру үшін де қажет деп мәлімдеді.

Кездесуде ЕЭК-тің үйлестіруі кезіндегі  мүше мемлекеттердің Аргентина Республикасымен ынтымақтастығының перспективалары мен бағыттары, Үкіметтік хатшылықтың ет бағытындағы мал шаруашылығы мен биотехнологияларды пайдалану саласындағы бірлескен жұмыс туралы ұсыныстары талқыланды.

Анықтама

Аргентина Республикасының Өндіріс және еңбек министрлігінің аграрлық индустрия жөніндегі үкіметтік хатшылығы агроөнеркәсіптік кешеннің сауда саясатын қалыптастыруға қатысады, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін халықаралық нарықтар ашуға жәрдемдеседі.