Жүйеге кіру
Ресей ЕАЭО елдерінен әкелінетін тауарлардың еркін қозғалысы үшін тосқауылдарды жояды

Ресей ЕАЭО елдерінен әкелінетін тауарлардың еркін қозғалысы үшін тосқауылдарды жояды

05.09.2019

Ресейдің ауыл шаруашылығын қадағалау қызметі Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) бес қазақстандық кәсіпорынға қатысты мал шаруашылығы өнімін Ресей Федерациясына жеткізуге бұдан бұрын енгізген шектеулерінің күшін жойғаны туралы хабарлады.

Бұдан басқа, белорус тарабы 2018 жылғы шілдеде Ресейдің ауыл шаруашылығын қадағалау қызметі енгізген Беларусь Республикасының аумағынан жаңа жиналған қозықұйрықты жеткізуге белгіленген шектеулерге байланысты тосқауылдың жойылғанын растады. ЕЭК Алқасы бұдан бұрын Ресейге ЕАЭО қағидаларын қадағалау қажеттілігі туралы хабарландыру жіберу шешімін қабылдады. Қазір бұл тосқауыл жойылды, ал белорус қозықұйрықтары Ресейге кедергісіз жеткізіледі.

«ЕЭК пен біздің ЕАЭО елдерінен әріптестеріміздің ортақ жұмысы нәтижесінде азық-түлік өнімінің жекелеген санаттарын жеткізуге байланысты шектеулер жойылды. Біз Ресей Федерациясы қабылдайтын шаралардың елдеріміздің кәсіпкерлеріне күрделі әсер ететін шектеу шараларын жою жөніндегі конструктивті диалогын жалғастыруға дайындық ретінде қабылдаймыз», – деп, атап өтті ЕЭК-тің Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян.