Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның балық және балық өніміне арналған техрегламенті бойынша өту кезеңі аяқталды

ЕАЭО-ның балық және балық өніміне арналған техрегламенті бойынша өту кезеңі аяқталды

05.09.2019

1 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде балық өніміне арналған техрегламенттің өтпелі ережелері қолданысын тоқтатты.

«“Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы” техрегламентін қабылдағанға дейін ЕАЭО белгілеген міндетті талаптарға балық пен балық өнімінің сәйкестігін бағалау туралы ескі құжаттардың ЕАЭО елдерінде қолданылуы аяқталды», – деп түсіндірді, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нурашев.

Енді барлық тағамдық балық өнімі - балық, судағы сүтқоректілер және омыртқасыздар, балдырлар мен өзге су өсімдіктері - бұрынғыдай талаптарға, оның ішінде ұлттық заңнама талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттармен емес, тек техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттармен ғана айналысқа шығарылады.

Тек жаңа ауланған балық емес, өзге су өнімі туралы да сөз болып отыр. Балық регламентінің талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар салқындатылған, мұздатылған, қақталған, кептірілген, маринадталған, тұздалған, ысталған және өзге өнім түрлеріне қажет. Олардың арасында - балалар тағамына арналған тағамдық балық өнімі, тартылған ет, консервілер, пресервілер, уылдырық, балықтың, судағы сүтқоректілердің және омыртқасыздар мен т.б. тағамдық тоңмайы.

Ол ескеріп өткендей, Одақтың бұл техникалық регламенті ЕЭК Кеңесімен 2016 жылы қабылданды. Сонда өтпелі, оның ішінде бұдан бұрын берілген сәйкестік туралы декларациялар мен сәйкестік сертификаттарының қолданылу уақытын ұзартатын ережелер айқындалды. Бұл бизнестің өндіріс технологиясын жаңартып, балық және балық өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын жаңа талаптарға біртіндеп өту мүмкіндігін берді.

ЕАЭО-ның техрегламентімен Одақтың барлық елдерінде қолдану және орындау үшін бірыңғай міндетті одақ нарығында айналысқа шығарылатын тағамдық балық өнімінің қауіпсіздік талаптары белгіленді. Сондай-ақ, оның ЕАЭО-дағы еркін қозғалысын қамтамасыз етуге арналған тағамдық балық өнімін таңбалау және қаптау жөніндегі нормалар белгіленді. Бұдан басқа, құжат өндіріс, сақтау, тасымалдау, іске асыру және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарға қатысты болады.

Техникалық регламент қауіпсіздіктің микробиологиялық нормативтерін, тағамдық балық өнімі құрамындағы ветеринариялық препараттарының және дәрілік құралдардың ең жоғарғы рұқсат етілетін мөлшерін, гигиеналық талаптарды, тағамдық құндылығын және балалардың тамақтануына арналған тағамдық балық өнімінің қауіпсіздік көрсеткіштерін және басқаларын айқындады.

Құрамында адам денсаулығы үшін қауіпті биотоксиндері (фитотоксиндері) бар, сақтау кезінде жібітуге шалдығатын, өнім қабатының температурасы минус 18 °C-тан жоғары, мұздатылған, органолептикалық көрсеткіштер бойынша тұтынушылар қасиеттеріне сәйкес келмейтін, улы балық тұқымдастарынан өндірілген тағамдық балық өнімін Одақ нарығына әкелуге рұқсат етілмейді.

Техникалық регламентте белгіленген нормаларға сәйкес келетін және сәйкестік бағалауынан өткен балық өнімі ЕАЭО нарығындағы өнім айналысының бірыңғай таңбасымен таңбаланады.

Техрегламент талаптарының қадағалануын мемлекеттік бақылау мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Одақ елдерінің уәкілеттік органдары техрегламентке сәйкес келмейтін, тағамдық балық өнімінің шығарылуын шектеу және тыйым салу үшін, сондай-ақ айналыстан шығару үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті.