Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Тимур Сүлейменов: «ЕАЭО пен ЕО арасындағы өзара қарым-қатынастарды жолға қою Еуразиялық экономикалық комиссия қызметі басымдықтарының бірі болып табылады»

ЕЭК министрі Тимур Сүлейменов: «ЕАЭО пен ЕО арасындағы өзара қарым-қатынастарды жолға қою Еуразиялық экономикалық комиссия қызметі басымдықтарының бірі болып табылады»

05.12.2016

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен   Еуропалық одақ (ЕО) арасында өзара қарым-қатынастарды жолға қою Еуразиялық экономикалық комиссия қызметі басымдықтарының бірі болып табылады. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов Мәскеуде өткен «Еуразиялық одақ пен ЕО: экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері» атты III Мәскеу халықаралық қаржы-экономикалық форумында сөз сөйлеген кезде осы жөнінде мәлімдеді.

ЕЭК өкілі атап өткендей, еуропалық бизнес екі одақ ынтымақтастығын талқылау мәселесіндегі қозғаушы күш болып табылады. «Бұл қазір қолдан шығарып алған олар үшін Еуразиялық нарық өте маңызды екенін білдіреді. Осы жылы ЕАЭО-да Еуродақтан келетін импорт бірінші рет АТЭЫ елдерінен келетін импортпен теңесті. Егер 2014 жылы ЕАЭО елдеріндегі импорттың жалпы көлемінде ЕО үлесі  43,8%-ды, ал АТЭЫ үлесі тиісінше 38,6%-ды құраса, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте АТЭЫ үлесі ЕО үлесінен (41%) асып түсіп, 42,1%-ды құрады»,  – деді Тимур Сүлейменов.

Сондықтан ЕО елдерімен, Еурокомиссиямен диалогты жандандыру, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын әзірлеу өзекті маңызға ие болуда. ЕЭК өкілінің пікірінше, тауарлар мен қызметтер көрсету саудасы, тарифтік емес тосқауылдарды жою, қаржы нарықтарына қол жетімділікті ырықтандыру, ірі көліктік инфрақұрылымдық жобалар – Жібек жолы Экономикалық белдеуін, трансъеуропалық желілік жобалар және т.б. бірлесіп іске асыру, ортақ электр энергетикалық нарықтарды дамыту сияқты мәселелер әлеуетті күн тәртібі болуы мүмкін.   

ЕЭК министрі ЕО Еуразиялық экономикалық одақтың ең ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылатынын еске салды. Мәселен, ЕАЭО мемлекеттерінің сыртқы сауда тауар айналымының жалпы көлемінде 50%-ынан астамын Еуропалық одақ елдерімен сауда құрайды.

«Қарым-қатынастарды дамытудың жаңа кезеңіне өту елдеріміздің үкіметтерінің қарқынды және көп еңбекті қажет ететін жұмысын талап етеді. Екі интеграциялық бірлестік арасындағы белсенді өзара іс-қимыл біздің елдеріміздің экономикалық дамуын жеделдетуге кең мүмкіндік береді, – деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.