Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Вероника Никишина: «ЕАЭО пен ЕО арасында өнімді диалогты жолға қою қажет»

ЕЭК министрі Вероника Никишина: «ЕАЭО пен ЕО арасында өнімді диалогты жолға қою қажет»

05.12.2016

2 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі Вероника Никишина Германия Федеративтік Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рюдигер фон Фричпен ресми көздесу өткізді.

Вероника Никишина сыртқы саяси факторлардың сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жағымсыз әсеріне қарамастан, Еуропалық одақ (ЕО) бұрынғыдай Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аса ірі сауда әріптесі болып қала беретінін атап өтті. Ол екі интеграциялық бірлестік – ЕАЭО пен ЕО арасындағы мейлінше тығыз байланыстар орнату қажет деп байыптады.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасында сауда саласындағы қалыптасқан жағдайды және оны дамытудың ықтимал жолдарын талқылады. 

Рюдигер фон Фрич екі интеграциялық бірлестік арасындағы кооперацияны дамытудың тоғысу нүктелерін іздеудің маңыздылығын көрсетіп, Еуропалық комиссияның қарауына жалпы идеялар ұсынуға дайын екенін білдірді.

Кездесу барысында ЕЭК министрі ЕАЭО сыртқы сауда саясатының мазмұны мен оны дамыту перспективалары туралы сұрақтарға жауап беріп, оның негізгі басымдықтары, үшінші елдермен сауда құрылымын дамыту және кеңейту жоспарлары, Одақтың әлеуетті әріптестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету бойынша шешімдер қабылдаудың негізгі қағидаттары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.